Шымкенттегі «Қуыршақ мұражайында» 40 жылдық тарихы бар қуыршақтар сақтаулы

Шымкенттегі «Қуыршақ мұражайында» 40 жылдық тарихы бар қуыршақтар сақтаулы

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында 40 жылдық тарихы бар қуыршақтар сақтаулы, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мұндағы экспонаттар оннан астам мемлекеттен әкелінген. 1983 жылы театр алғаш ашылған сәтте Ресей, Молдава, Қырғызстан, Өзбекстан және т.б. елдерден театрға арналған арнайы қуыршақтар әкелінген болатын. Театр ашылған күннен бастап қуыршақ жасау үдерісі дәстүрлі түрде қалыптаса бастады.

Бүгінгі таңда Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры мұражайы қорында 200-ге жуық қуыршақ бар. Театр репертуарының тақырыптық ерекшелігі әр қилы болуына байланысты әлемдік деңгейдегі классикалық туындылар, халық ертегілері, отандық авторлардың шығармаларына арналған жалпы саны 150-ге жуық сахналық қойылымдардың қуыршақтары да ерекше күтіммен сақталады.

Театрға келген әрбір көрермен мұражаймен, мекеме тарихымен және қуыршақтармен таныса алады. Мұражайдағы ең көне қуыршаққа 40 жыл толып отыр.

Шымкент қаласында жалғыз қуыршақ және жасөспірімдер театры жұмыс істейді. Мекеме бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге қуаныш сыйлау, қуыршақтардың көмегімен ертегілер және қойылымдармен кішкентай достарын қуантуды мақсат еткен.

Театр репертуарында бүгінгі таңда отандық және шетелдік авторлардың қазақ және орыс тілдерінде 150-ге жуық қойылымдары бар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгінгі таңда елдің энергетикалық қажеттіліктері өсіп, экологиялық талаптар күшейіп келе жатқанда, атом электр станциялары тиімді және сенімді шешім болып...