Шымкентте инвестор есебінен «smart аялдамалар» орнатылады

Шымкентте инвестор есебінен «smart аялдамалар» орнатылады

Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында Әл-Фараби ауданында жолаушылар хабы саналатын 10 нүктеге «ноу-хау» аялдамалар салынбақ. Жаңа үлгідегі аялдамалар демеушілер тарапынан пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осыған орай аудан әкімі Рашид Мыңбаев инвесторлармен кездесіп, құрылыс жоспарын пысықтады. Басты мақсат қала тұрғындары мен қонақтарына жайлы жағдай жасау. Қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аялдамаларға бейнебақылау камералары орнатылады.

Сондай-ақ, жолаушылардың ең басты қажеттіліктері саналатын желдеткіш пен тегін wifi, телефон қуаттағыш құрылғысы, көлік бағыттарын көрсететін жол картасы да қойылады.

Жаңа үлгідегі аялдамалар алдағы айда ел игілігіне беріледі деп жоспарлануда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...