Оның айтуынша, қазір білім беру гранттарының мөлшерін саралау, оның ішінде олардың құнын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ гранттық орындарды қаржыландыруды арттырып, ақылы қабылдауды кезең-кезеңімен қысқарту жоспарда бар. Интернатура түлектері тек ауылдық жерлерде және амбулаториялық-емханалық ұйымдарда жұмыс істеуге міндетті болатын жекелеген бағдарламалар енгізу мүмкіндігі қарастырылуда.
Сонымен қатар резидентураның бірқатар сұранысқа ие мамандығы бойынша және өңірлерде балалар мамандарының тапшылығын толтыру мақсатында кардиология, неврология, эндокринология және басқаларын қоса алғанда, балалар бейініндегі 14 жаңа мамандық енгізіледі.
«Жыл сайын білім алушылардың стипендияларын орта есеппен 20%-ға арттыру көзделген. Биылдан бастап білімнің базалық деңгейін бағалау және оларды оқытуды одан әрі сүйемелдеу үшін 3-курстан кейін студенттерге міндетті емтихан енгізіледі», — деп атап өтті спикер.
Биыл денсаулық сақтау саласында 11 мыңнан астам жас маман шығарылады деп күтілуде. Медициналық ЖОО түлектерінің үштен екісі өңірлердің қажеттіліктеріне қарай кадр тапшылығын қысқарту үшін медициналық ұйымға жұмысқа орналасады. Сонымен қатар, профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін жүйелі түрде арттыру жалғасады.