Шымкенттегі әлеуметтік салада жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Шымкенттегі әлеуметтік салада жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Шымкент қаласында әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар қарқынды жүзеге асырылып келеді. Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева «AMANAT» партиясының қалалық филиалында өткен есептік кездесуде мәлімдеді.

2025 жылға арналған жұмыспен қамту жоспары бойынша 18 мың адамды түрлі бағдарламалармен қамту көзделсе, 1 шілдеге дейін осы меженің 69,4 пайызы орындалып, нақты 12 497 адам жұмысқа тартылған. Оның ішінде 4 688 азамат тұрақты жұмысқа орналасса, 3 662 адам онлайн форматта қысқамерзімді оқыту курстарына, 1 589 адам кәсіпкерлік негіздерін үйренуге бағытталған. Қалада жаңадан 2 614 жұмыс орны құрылып отыр. Бұл – еңбек нарығындағы оң динамиканың көрсеткіші.

Әлеуметтік қолдау бойынша да ауқымды шаралар атқарылған. Атаулы әлеуметтік көмек 4 172 отбасыға тағайындалса, 109 отбасы тұрғын үй көмегін алған. «Бақытты жанұя» орталығы арқылы 5 032 отбасыға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетілген. Бұл орталықтың жұмысы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауда маңызды рөл атқаруда.

Қарттарды қолдау аясында 1 270 зейнеткерге санаторийлік емделуге жолдама берілді. Ал «Ізетті зейнеткер» орталығы бүгінде 906 ардагерді қамтып, олар үшін шығармашылық және сауықтыру бағытында түрлі шаралар ұйымдастыруда.

Алайда кейбір жобалар қаржы тапшылығына байланысты кейінге шегерілуде. Мәселен, бастапқыда 2025 жылға жоспарланған 150 орындық оңалту орталығының құрылысы 2026 жылдың соңына ауыстырылған. Бұл әлеуметтік инфрақұрылым жобасының уақытында іске аспауы, бюджет мүмкіндіктерімен байланысты.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында 2025 жылы 160 әлеуметтік нысанға пандус орнату жоспарланған. Бекітілген жалпы жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін 277 нысан бейімдеуден өтпек.

Шымкент қаласында бүгінде 4 «Белсенді ұзақ өмір» орталығы табысты жұмыс істеп келеді. Алдағы уақытта Абай ауданында тағы бір жаңа бөлімшенің ашылуы жоспарлануда. Сонымен қатар, «Бақытты жанұя» орталығының атауы өзгертіліп, енді «Отбасын қолдау орталығы» ретінде жұмысын жалғастырады. Осы мақсатта төрт ауданнан бөлімшелер ашу қарастырылуда. Орталық арқылы жыл басынан бері 5 032 отбасыға 9 064 түрлі әлеуметтік қызмет көрсетілген.

Жалпы алғанда, басқарма өз құзырындағы негізгі міндеттердің көпшілігін орындап отыр. Дегенмен, қаржылық шектеулер кейбір бастамалардың іске асуына кедергі келтіріп жатқанын басқарма басшысы жасырмады. Алдағы уақытта бұл мәселелерді шешу және көрсеткіштерді жақсарту – басқарманың басты басымдықтарының бірі болмақ.

Шымкент қаласының әлеуметтік саласын одан әрі жетілдіру үшін жүйелі жоспар мен тиімді ынтымақтастық қажет. Осы орайда, қала әкімдігі мен орталық мемлекеттік органдар арасындағы үйлесімді жұмыс – халықтың өмір сүру сапасын арттырудың кепілі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жаппай егін жинау науқаны басталған сәттен күн тәртібіне шыққан негізгі мәселенің бірі – жаңа өнімді қабылдауға бос орындардың болуы. Осыған...

Шахтер күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министр Олжас Бектенов көмір өнеркәсібінің ардагерлері мен мамандарын...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет пен әкімдер...