ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ӨҢІРАРАЛЫҚ КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ӨҢІРАРАЛЫҚ КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

Бүгін «Көрме» орталығында Шымкент, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстары тауар өндірушілерінің қатысуымен өңіраралық көрме-жәрмеңкесі өтуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов жаңа серіктестіктерге жол ашатын, тұтынушыларға отандық өнімдерді кеңінен таныстыруға мүмкіндік беретін іс-шараға арнайы қатысып, тауар өндірушілерге қолдау білдірді. Көрме-жәрмеңкесінде тамақ, жеңіл өнеркәсібі, құрылыс материалдары мен агро-өнеркәсіп кешенінің 100-ден астам кәсіпорны өз өнімдерін ұсынуда.
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған алаңда нарықтағыдан 10-15 пайыз арзан саудаланып жатқан тауарларды алуға келген халықтың қарасы қалың.
Былтырғы жылы қалада өнеркәсіп өнімінің көлемі 937 млрд.теңгеге жетіп, 2021 жылға қарағанда өсім 5,9% құрады. Мегаполисте қазір 2 мыңға жуық өнеркәсіпорны жұмыс істеп тұр. Олардың 80%-ы өңдеу өнеркәсібімен айналысады.
Қала әкімі М. Әйтеновтің төрағалығымен инвестициялық штаб отырысы өтті. Инвесторлар тарапынан ауылшаруашылығы, денсаулық сақтау, құрылыс салалары мен жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бағытталған 6 жоба таныстырылды. Күн тәртібінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың орындалу барысы пысықталып, жаңа жобаларды іске асыруда өзекті мәселелер талқыланды. Қала басшысы жауаптыларға инвесторларға қолайлы жағдай жасау мақсатында тиісті жұмыстарды жүйелі жүргізуді тапсырды.
Шымкент еліміздегі кілемдердің жалғыз ірі өндірушісі болып табылады. Қаламыз бүгінде мақта майын, мақтадан жасалған мата, дәрі-дәрмек, цемент клинкерлерін, мұнай өнімдерін өндіруде республикада 1-орын, өңделген шай және кофе, тазартылған күнбағыс майы, шыны ыдыс, макарон өнімдерін өндіру бойынша 2-орынды иеленуде.
Қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты бақылауда. Жыл соңына дейін жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілетін болады.
2022 жылы Шымкент қаласы экономикасына тартылған инвестиция көлемі 13,8 пайызға артып, 549,4 миллиард теңгеге жетті. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 110 мыңнан асты. Жалпы өңірлік өнім көлемінің 40,7 пайызы осы саладағы кәсіпкерлерге тиесілі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...