Құқық қорғау органдары мен соттардың өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында ҚР ӘМ «Е-Saraptama», ІІМ және Бас прокуратураның «Е-қылмыстық іс», сонымен қатар Жоғарғы Сотының «Төрелік» ақпараттық жүйелерін интеграциялау көзделген.
Қазіргі таңда құқыққорғау органдарымен Шымкент қаласы бойынша Сот сараптамалары институтына «Е-Saraptama» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен қаулыларды рәсімдеу және сараптамаларды ұсыну барысында көптеген мәселелер туындауда.
Осыған байланысты, «Е-Saraptama» ақпараттық жүйесі сараптама тағайындау барысында туындаған мәселелерді талқылау үшін ҚР ӘМ ССО РМҚКФ Шымкент қаласы бойынша сот сараптама институтының басшылығымен бірлескен дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара департаменттің кіші мәжіліс залында Тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Өмірбек Бекбердиевтің төрағалығымен өтті.
Кездесуге Шымкент қаласы полиция департаменті оған қарасты аудандық полиция басқармаларының тергеу жөніндегі орынбасарлары, тергеу және анықтау бөлімдерінің бастықтары және оның орынбасарлары қатысты.
«Е-сараптама» сервисі бұл сот сараптамасы органдарының мүдделі мемлекеттік органдармен деректер алмасу бойынша ақпараттық өзара іс-қимылы
Сот-сараптама қызметін автоматтандыру мақсатында, Әділет министрлігі «Зерде «Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-мен бірлесіп, АТ-нарығын тарта отырып, СДТБТ ақпараттық жүйесімен интеграцияланған «E-saraptama» (Е-сараптама) ақпараттық жүйесі әзірледі.
Онда қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлері «СДТБТ» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – СДТБТ АЖ) сот сараптамаларын тағайындау үшін қаулылар мен ұйғарымдарды жібере алады, одан кейін сот сараптамаларының нәтижелерін қалыптастыру үшін оларды одан әрі қабылдау және өңдеу «Сот сараптамалары орталығы» РМҚК филиалында электрондық форматта жүргізіледі.
Бұдан басқа, онда жүргізілген сараптамалар туралы сот сарапшыларының қорытындылары сақталады, СДТБТ АЖ-ға сараптама тағайындалған сәттен бастап процесс қадағаланады.
Қазіргі уақытта «Е-сараптама» ақпараттық жүйесі Нұр-Сұлтан қаласында да, бүкіл елде де жұмыс істейді.
Жиын барысында «E-saraptama» ақпараттық жүйесіне қосылуына байланысты электрондық форматта сараптама тағайындау кезінде назар аударылатын бірқатар ерекшеліктерге тоқталып өтті. Дөңгелек үстел барысында полиция қызметкерлері сараптама тағайындау барысында туындап жатқан кедергілер бойынша сұрақтар қойып, аталған мәселелерді шешудің жолдарын қарастырып, пікір алмасты, деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.