Қайнарбұлақ ауылдық округінінің тұрғыны, «Айна Оңтүстік» газетінің бас редакторы А.Датқаев аудан әкімдігіне 2023 жылдың 14 сәуір күні келіп, ауылдық округінде бірнеше көшенің бойында орналасқан ауыз су жүйелері бар құдықтардың темір қақпалары жоғалғанын айтып, оларды қалпына келтіруді сұранған болатын.
Осыған байланысты, елді мекен тұрғындарын ауыз сумен қамтитын «Сайрам тазалық» ЖШС-інің директоры Ж.Матов аталған мәселені шұғыл назарына алып, мекеме есебінен 7 көшеге 10 дана темір қақпасын орнатқан болатын. Атап айтқанда, Е.Сарманов, С.Сейфуллин, Құрманғазы, О.Жандосов, Т.Тоқтаров, Ш.Уәлиханов секілді орталық көшелері.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі
ТҰРҒЫННЫҢ ӨТІНІШІ ОРЫНДАЛДЫ
