2023 жылғы 26 сәуір Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Мектепке дейінгі дамыту ортылығының ұйымдастыруымен "Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін жүзеге асыру: кәсіби даму,тәрбие,сапалы білім" тақырыбындағы республикалық форумның тәжірибелік жұмыс жоспарына сәйкес 21 "Ертарғын" бөбекжай-бақшасында "Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу мен оқыту процесінде заттық дамытушы ортаның маңыздылығы" тақырыбында семинар болып өтті. Іс шараға республикамыздың әр өңірінен Астана қаласы, Семей, Абай, Атырау, Қызылорда, Түркістан облыстарынан 40 және Шымкент қаласынан 80 барлығы 120 ға жуық мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері қатысып тәжірибе алмасты.Семинарда кіші, ортаңғы, ересек, мектепалды топтарында "Бақташының көмекшілері", "Табиғат сиқыры", "Жас фермерлер", "Ғажайып галактика", "Этно ауыл", "Жас агрономдар", "Ботаникалық зертхана", "Денсаулық-зор байлық", "Әкем және мен" және "Кішкентай режиссёрлар" тақырыбында ұйымдастырылған іс әрекеттер өткізілді. Сонымен қатар дәліздерде дамытушы ойындардың бірнеше түрі, кітап орталығының жұмыстары, работатехника жұмыстары жүргізілді. Іс әрекет барысында балалардың жас ерекшеліктеріне сай заттық дамытушы орталарға қолжетімділігі ондағы мол ресурстардан еркін пайдалана алуы, өз идеяларын іске асыру мақсатында қалаған орталықтарына баруы,өзіне-өзі қызмет етуі, бірлесе жұмыс жасауға әрекеттенуі және өзін қоршаған ортадағы жағымды және қауіпсіз мінез құлықтары-ғылым, математика, шығармашылық, әдебиет және ойын орталықтарында көрініс тапты.Семинарға қатысушылар бөбекжай бақшада балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жайлы және қауіпсіз білім беру жағдайларының жасалғандығын, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес біліктері мен дағдыларын қалыптастыруда-инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану, оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етуде орасан зор жұмыстар атқарылғандығын атап өтті.