ЕСЕП - 4:1: ЖЕҢІС – “ОРДАБАСЫ” КОМАНДАСЫНДА

ЕСЕП - 4:1: ЖЕҢІС – “ОРДАБАСЫ” КОМАНДАСЫНДА

Футболдан Қазақстан чемпионатының 6-турында «Ордабасы» өз алаңында Қостанадайдың «Тобыл» командасын қабылдады. Командалар ел чемпионатының турнирлік кестесінде иық тірестіріп келе жатқан.
Матчтағы есепті алғашқы таймда «Ордабасы» ашқанымен, араға минут салып қонақтар таразы басын теңестіріп кетті. Екінші таймда «Ордабасы» футболшылары үш гол соқты. Алдымен алаңға тыңнан қосылған Бобур Абдухоликов командасын есепте алға шығарса, өткен турда ғана көзге түскен Сергей Малый тағы бір голдың авторы атанды.
Ал матчтың нүктесін 86-минутта Всеволод Садовский қойды. Есеп - 4:1.
Футбол – халықтың дене тәрбиесі мен денсаулығын нығайтудың ең қолжетімді, танымал және бұқаралық сипаттағы спорт түрлерінің бірі. Дене тәрбиесінің қалпытасуында ойын жетекші орын алады. Футбол — достық, жолдастық, өзара көмек сезімін қалыптастырады; жауапкершілікті сезіну, серіктестер мен бәсекелестерге құрмет, тәртіп, белсенділік сияқты құнды адамгершілік қасиеттерді дамытады. Әрбір футболшы өзінің жеке қасиеттерін көрсете алады. Мәселен, дербестік, бастамашылық, шығармашылық. Сонымен бірге ойын жеке ұмтылыстарды ұжым мүддесіне бағындыруды талап етеді.
Жалпы бұл спорт түрі дене шынықтыру мен спортты насихаттаудың қуатты құралы. Адал жекпе-жек өнері, жоғары орындаушылық шеберлік, дене шынықтыру миллиондаған жанкүйерлердің терең қанағаттануын, ләззатын, қуанышын ғана емес, сонымен қатар кез-келген жасөспірімді футбол алаңдарына, спорт алаңдары мен залдарына әкелетін қызығушылықты тудыратын спорт. Көптеген атақты спортшылар спорттық өмірбаянын футболға деген құштарлықтан бастады.
Үш ұпайын қанжығалан «Ордабасы» ел чемпионатының турнирлік кестесінде 13 ұпаймен үшінші орынға көтерілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ