Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың өкімімен ҚР Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Мақсат Қиқымов тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

М. Қиқымов 1986 жылы дүниеге келген. Банк ісі академиясы колледжінің, Алматы Экономика және статистика академиясының, «Тұран» университетінің түлегі. Қаржы, мұнай салаларында және мемлекеттік қызметте 15 жылдан астам жалпы еңбек өтілі бар.

Еңбек жолын 2005 жылы «Альянс банк» АҚ Алматы қаласындағы филиалының бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің маманы ретінде бастаған.

2006 жылдан 2012 жылдары аралығында «Альянс банк» АҚ Алматы қаласындағы филиалында бас маман, бас бухгалтердің орынбасары, бас бухгалтер, бэк-офистің басқарушысы, «Астана-финанс» банкі АҚ Алматы филиалының бас бухгалтері, «Трансервис-Миллениум» ЖШС қаржы директоры, әдіснама басқармасының бастығы, әдіснама және автоматтандыру және бизнес-процестер басқармасының бастығы, «Кредит Алтын Банк» АҚ Бас бухгалтер-Басқарма мүшесі, «Bank RBK» АҚ банктік технологиялар департаменті директорының орынбасары болды.

2012-2015 жылдары Алматы қаласы Қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2015 жылдың шілдесінен 2017 жылдың қыркүйегіне дейін Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2017 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы болды.

2018 жылдың шілдесінен 2019 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы болды.

2019 жылдың шілде айынан бастап Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі қызметін атқарды.

Басқа лауазымдары:

2016 жылдың наурыз айынан 2019 жылдың қаңтар айына дейін Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.

2017 жылғы қазан — 2018 жылғы тамыз аралығында Алматы «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

2012-2015 жылдар аралығында «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ директорлар кеңесінің, «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС бақылау кеңесінің мүшесі, «Алматы жылу желілері» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы.

2018 жылдың желтоқсан айынан бастап қазақ күресінен республикалық федерацияның мүшесі болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары болған Сапарбек Тұяқбаев кәсіпкерлікке бет бұратынын мәлімдеп, қызметінен босатылды. 

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...