Үкімет егінді зиянкестерден қорғау үшін биыл 36,4 млрд теңге субсидия бөлген

Үкімет егінді зиянкестерден қорғау үшін биыл 36,4 млрд теңге субсидия бөлген

Биыл Қазақстандағы шаруалар алғаш рет пестицид (мәдени өсімдіктерді зиянкес, паразит, арамшөп пен аурулардан қорғайтын дәрілердің бәрі қосылған химиялық өнім - авт.) сатып алу үшін Үкіметтен субсидияға қол жеткізген. Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды. Бұған дейін мемлекет тек гербицидтер (арамшөптерге қарсы препараттар), биопрепараттар мен биоагенттерге ғана субсидия бөліп келген.

«Биыл тұқым шаруашылығын субсидиялау көлемі 9,4 млрд теңгеден 14 млрд теңгеге дейін, жалпы, 49 пайызға ұлғайды», деп хабарлады Сапархан Омаров. Яғни, 2019 жылмен салыстырғанда, биыл шаруалар былтырғыдай 39,4 мың тонна емес, 135 мың тонна  жоғары өнім беретін тұқым сатып алды деген сөз.

«Тыңайтқыш сатып алуды субсидиялау көлемі 38 пайызға көбейді, 19,0 млрд теңгеден 26,1 млрд теңгеге жетті. Кепілдендірілген және сапалы өнім алуда егістерді зиянкестер мен ауруларға қарсы химиялық өңдеу жүргізу бойынша қабылданған шаралардың маңызы зор болды. Осы жылы пестицидтерді субсидиялауға 36,4 млрд теңге көзделді, бұл 2019 жылға қарағанда 9 млрд теңгеге көп. 2020 жылға дейін тек гербицидтер (арамшөптерге қарсы препараттар), биопрепараттар мен биоагенттер ғана субсидияланғанын атап өткен жөн. Биылдан бастап пестицидтердің инсектицидтер мен фунгицидтер (өсімдіктер зиянкестері мен ауруларына қарсы препараттар) сияқты басқа да түрлері субсидияланады», - деп түсіндірді Сапархан Омаров.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...