ҚАЛА ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің кезекті бірыңғай қабылдауы қалалық Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында өтті. Қала басшысының қабылдауына келген тұрғындар өз көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, талап-тілектерін жеткізді. Жиналған көпшілік көбінесе тұрғын үй кезегі, жер және жол мәселесі, жұмыссыздыққа қатысты толғандырған сұрақтарын ортаға салды.
Мемлекет басшысы өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуге бағытталуы тиіс екенін атап өтті.
Бұл ретте Президент мемлекеттік аппарат қызметіндегі проблемалар көбінесе азаматтар мен жергілікті жерлердегі шенеуніктер арасындағы кері байланыстың болмауына байланысты екендігіне назар аударды.
Отырыста халықпен тікелей және кері байланыс арналарының жұмысындағы проблемалар негізінде әзірленген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру тәсілдері таныстырылды.
Мәселен, қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың тұрғындармен өзара іс-қимылына азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу жүйелілігінің және мемлекеттік органдардың проактивтілігінің болмауы әсер етеді.
Мұрат Дүйсенбекұлы мегаполис тұрғындарының мәселесіне орай тиісті басқарма басшыларына тапсырма беріп, оның оңтайлы орындалуына 1 ай көлемінде уақыт берді.
Сондай-ақ, бірыңғай қабылдауда әрбір тұрғынның қойған жеке сауалына жауапты сала бойынша басқармалардың мамандары бетпе-бет жүздесіп, келісілген мерзімде көтерілген мәселелердің жедел шешімін табуын назарға алды.
Жалпы, 2022 жылдың 2 жарты жылдығында Қазақстандағы әкімдер халықпен 19,8 мың рет кездескен. Ұлттық экономика министрлігі жүргізген зерттеуге сенсек, осы жиырма мыңға жуық кездесу барысында халық әлеуметтік және тұрғын-үй коммуналдық инфрақұрылым нысандарын салу, экология, жол және жер мәселесін көп көтерген екен. Кездесулер кезінде бас-аяғы 33,4 мыңнан астам мәселе көтеріліп, ұсыныс айтылған. Ал, осы мәселелерді шешу үшін әкімдер жергілікті бюджеттен 485 млрд теңге керек деп, оның тең жартысынан астамын алып үлгерген де.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ