2023 жылы 3 мамыр күні Қосымша білім беру оқу салалық орталығының ұйымдастыруымен «Келісім мен татулық- тұрақтылық кепілі» тақырыбында этнос өкілдері мен «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымдарының арасында кездесу өтті. Кездесуге Шымкент қалалық ассамблеясының татар-башқұрт этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Ақбердиева Сайма Нажиповна, өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі Омаров Шокир, түрік ұлтының өкілі Гусеинова Севара Шарафиддиновна, азербайджан ұлтының өкілі Гусеинов Аббас Абдул-Алиұлы қонақ ретінде шақырылды. Кездесу барысында келген қонақтар жастарды өз ұлтының өмір тарихымен, салт-дәстүрімен таныстырып, қазақ халқына деген үлкен құрметін білдірді.
Әлеуметтік тұрақтылықты бір орында қатып қалу емес, эволюциялық түрде даму деп түсінген абзал. Дағдарыстың одан әрі тереңдеуіне жол бермеу сипатындағы шаралар біртіндеп жүзеге асырыла бастады. Отандық өндірісті қолдау, стратегиялық нысандардың құрылысын тоқтатпау шаралары ұлттық валютаның әлемдік нарық құбылыстарына тәуелділігін азайтуға бағытталып отыр. Қоғамда пісіп жетілген түрлі мәселелерді дер кезінде шешу әлеуметтік тұрақтылықты сақтап қалудың басты шарты екендігін терең түсінген ел басшылығы теңге бағамы күрт түскеннен кейін бірден әлеуметтік жағдайы төмен топтарға жедел көмек беру жолдарын қарастыру жөнінде тапсырма берді және дағдарыс кезеңінде де әлеуметтік жәрдемақылардың қысқартылмайтынын баса айтты.
Қалалық ассамблеясының татар-башқұрт этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Ақбердиева Сайма Нажиповна ассамблеяның тұрақтылықты сақтау, қоғамның бірлігін нығайту бағытындағы жұмыстары жайында айтып өтті. Кездесу соңында қонақтарға «Алғыс хаттар» мен гүл шоқтары тарту етілді.