КОНГРЕСС - ХОЛЛ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА

КОНГРЕСС - ХОЛЛ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА

Партияның республикалық, қалалық бақылау комиссиясының жанынан құрылған жұмысшы топ бүгін Қаратау ауданына қарасты құрылыс нысандарына барды. “AMANAT” партиясы Орталық аппараты Партиялық бақылау департаментінің директоры Даурен Бижуманов, инспекторы Венера Есілбаева бастаған мониторинг тобы қүрылыс барысымен танысты.
Партияның сайлауалды бағдарламасына еніп, бой көтеріп жатқан нысанның бірі-Шымкент сити шағынауданында орналасқан Конгресс-холл. 5 блоктан тұратын 3 қабатты ғимаратта 2066 орындық көрермен залы, 190 орындық конференц-зал, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық баспасөз орталығы, 148 орындық асхана қарастырылған екен.
Мердігерлердің айтуынша, заманауи талапқа сай салынып жатқан Конгресс-холл жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Аймақ қоршалып, қауіпсіздік жұмыстары сақталған. Партиялық бақылау бекеті орнатылған.
Айта кетейік, Шымкентте 28 нысан құрылысы партиялық бақылауда. Оның 8-і аяқталған. «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасында айтылғандай, азаматтардың мәдени әлеуеті мен қажеттіліктерін іске асыру үшін жаңа мәдени нысандардың инфрақұрылымын құруға және дамытуға ықпал етіп, нысандарға партиялық бақылау жүргізілуде.
Сонымен қатар алдағы уақытта 200 төсектік перинаталдық орталықты салу жоспарланып отыр.
Әйелдерді жұмыспен қамту шаралары да жұмыссыздық деңгейін төмендетуде. Жыл басынан бері мемлекет қолдауымен жұмыспен қамту шараларына 11 мыңнан астам адам қатысқан болса, жартысына жуығын қыз-келіншектер құрайды.
Мегаполис мектептерінде қауіпсіздік шаралары да толық қамтылған. Заманауи талаптарға сай бейнебақылау жүйелері және дабыл батырмалары орнатылып, Полиция Департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. Білім ғимараттарында мамандандырылған күзет жұмыс істейді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ