ЖЕТІСАЙ: ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ЖЕТІСАЙ: ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы аудан тұрғындарына жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауын өткізді.
Жеке қабылдауға аудан басшысымен қатар бірқатар дербес бөлім басшылары мен қала әкімі, тиісті сала мамандары қатысты.
Жеке қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй алу және оның кезегі, атаулы әлеуметтік көмек алу, табиғи газ, электр жарығы, жол, ауыз су, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша өтініштерін айтты.
Аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған атаулы әлеуметтік көмек алу өтініштері бойынша заң аясында кеңестер беріп, мәселені шешу жолдарын ұсынды. Тұрғын үй алу және оның кезегі заңға сәйкес жылжып, кезегімен берілетіні түсіндірілді. Жұмысқа орналасу үшін Жетісай ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына барып «Жұмыспен қамту» кіші ақпараттық жүйесіне жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, жұмыссыздық мәртебесін алғаннан соң бос жұмыс орындарына жолдануға мүмкіндік бар екендігі сөз болды.
Ал, тұрғындарды көгілдір отынмен қамтып, ескі электр бағаналары мен кабельдерді ауыстыру, жол жөндеу жұмыстары мен сапалы ауыз сумен қамту ісі бюджеттің мүмкіндігіне қарай кезең-кезеңімен жүргізілетіні айтылды.
Аудан басшысы жауапты сала мамандарына тұрғындардың өтініштерін заң аясында қанағаттандыруды тапсырды.
Жеке қабылдауға келген азаматтар көтерген мәселелер белгіленген уақыт шеңберінде оң шешім табатындығына сенім білдірді, деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...