Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады.
Биыл акция 2023 жылдың 26 мамырында сағат 17.00-де Шымкент қаласындағы Арбат бойында өткізіледі деп жоспарлануда.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың өкілдері және басқалары бар.
«Халық заңгері» акциясын өткізу жыл сайын дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтардың алғысына бөленуде. 2016-2022 жылдар аралығында акцияға 7000-нан астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзыретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 150 000-нан астам азамат консультация алды.
Заң саласында бағыт-бағдар беретін бұл акцияға құқықтық көмекке мұқтаж азаматтар заңгер кеңесін алуына болады.
Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң жөнінен көмек көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті кеңес ала алады. Олардың арасындабелгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және т. б. бар.
Былай қарағанда, билік органдарына, яғни мемлекеттік органдарға, оның ішінде орталық, жергілікті атқарушы органдарға орналасуға әркімнің қолы жете бермейтіндей көрінуі мүмкін. Халық ішінде мемлекеттік қызмет саласын белгілі бір тұлғалардың ғана қолы жететін, ішінде бір-бірімен біте қайнасып жатқан жабық сала ретінде санайтын пікір де жоқ емес. Шын мәнінде, олай деуге келмес. Себебі Ата Заңымыздың жоғарыда аталған бабымен республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар екені тас түйін көрсетілген. Мемлекеттік қызметші лауазымына үміткерге қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болатыны және заңмен белгіленетіні айқындалған. Расында да, тиісті органдарда халықтың атынан билік функцияларын жүзеге асыру үшін, шешімдерді әзірлеп-қабылдау үшін белгілі деңгейде білім-дағдысы мен тәжірибесі бар азаматтардың болғаны логикалық тұрғыдан да ойға қонымды.
Заңдық сауаттылық азаматтық қоғам қалыптастырудың аса маңызды негіздерінің бір деуге болады.
Акцияға келген қала тұрғындарының көпшілігі денсаулық, әлеуметтік және жер саласы мамандарының көмегіне жүгініп, өз мәселелерінің шешілу жолдары бойынша кеңес алды.
Бұл шараны ұйымдастырудағы басты мақсат, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Азаматтардың заңдық құқығын қорғау заң органарының маңызды жұмыстарының бірі саналды.