ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕГІ ЖАСТАРҒА АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕГІ ЖАСТАРҒА АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жастар ресустық орталығының ұйымдастыруымен пробация есебінде тұрған жастардың жұмыспен қамтылуы және кәсіпкерлік бағытында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты - пробация есебіндегі жастармен тығыз қарым-қатынас орната отыра, нәтижелі жұмыспен қамту, жұмыссыз жастар санын азайту.
Кездесуге Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД ПҚБ бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Талғат Байдаулетов, Тұран ауданы халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Нурбол Шымкентбаев, Шымкент қаласы әкімдігінің КММ-нің халықты жұмыспен қамту орталығы кәсіптік оқыту бөлімінің маманы Марал Пернибаева мен қатар бірқатар пробация есебінде жұмыссыз тұрған жастар қатысты.
Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары жиынға қатысушы жастарға жүзеге асырылып жатқан, тегін қысқа мерзімді оқыту, өз кәсібін ашу мақсатында қайтарымсыз грант алу бағыттары бойынша кеңестер берді.
Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі, ресми статистика мәліметтерінен ғана емес, негізінен, жастар қатысатын ішкі көші-қон арқылы да айқын көрінеді.
Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешу үшін мемлекет елдің жас азаматтарын кәсіпкерлік қызметке тартуға әрекет жасайды, бұл, жалпы, барлығына да ‒ қоғамға да, азаматтарға да, мемлекеттің өзіне де тиімді. Екінші жағынан, басқа жас категорияларының арасында кәсіпкерлік, объективті себептерге байланысты, жаңалыққа жат емес, өзгермелі жағдайларға тез бейімделетін жастардың рухына жақынырақ келеді, бұл дамыған елдерде жеткілікті түрде табысты пайдаланылып, белсенді ынталандырылады.
Жастар өздерінің еңбек қабілеттерін лайықты бағалай ала алмайтын бола тұра, еңбек нарығындағы жарамдылықтарын жиі асыра бағалайды. Тағы бір мәселе — кәсіпорындар жұмыс тәжірибесі жоқ қызметкерлерге қызығушылық танытпайды, әңгіме «бірінші жалдаудың тұзағы» жайлы. Көптеген зерттеушілер жастар жұмысқа қабылдау кезінде жас ерекшелігі бойынша ғана емес, әлеуметтік-экономикалық жағынан да кемсітушілікпен бетпе-бет келетінін атап өтеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...