ТҮЛКІБАС: ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТҮЛКІБАС: ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жергілікті биліктің ең басты мақсаты – тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету.
Осы орайда бүгін аудан басшысы Нұржан Ізтілеуов аудандық мәслихат төрағасы Хамит Байыспаевпен бірге Келтемашат ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, халыққа есеп беру жиынын өткізді. Жиынға аудандық дербес бөлім басшылары мен жауапты мамандар қатысты.
Ең алдымен аудан әкімі халыққа бірінші жартыжылдықты қорытындылап, аудан көлемінде және ауылдық округ бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, 2023 жылы округ ішінде атқарылатын жұмыстар туралы баяндап, жиынды сұрақ-жауап форматында жалғастырды.
Тұрғындар тарапынан көтерілген мектеп және балабақша алдына жол белгілерін орнату, жарық пен электр желілерін тарту және үкіметтен берілетін жер телімі туралы мәселелер қаралып, оларды шешу жолдары талқыланды.
Аудан әкімі Нұржан Жақсылықұлы аталған мәселер бойынша жауапты мамандарға тапсырмалар беріп, кезек күттірмейтін мәселелерді шұғыл шешу керектігін айтты. Есептік кездесуге келіп, ауылдың мәселелерін көтергені үшін ауыл азаматтарына алғыс айтқан әкім, халыққа қандай да бір мәселе туындап жатса кез-келген жұмыс күні қабылдайтынын және сол мәселелерді шешу үшін жұмыс жасайтынын жеткізді, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында тиісті ведомстволар мен әкімдіктердің өрт шығу қаупі бар кезеңге дайындығы...

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туризмді дамыту мәселелері қаралды. Өткен жылғы қыркүйектегі Президенттің...

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі су тасқыны жағдайы күн тәртібінен тыс қаралды, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі...