ТҮЛКІБАС: БИЫЛ САСТӨБЕ КЕНТІНДЕГІ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ АУЛАСЫН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ІСКЕ АСАДЫ

ТҮЛКІБАС: БИЫЛ САСТӨБЕ КЕНТІНДЕГІ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ АУЛАСЫН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ІСКЕ АСАДЫ

Састөбе кентіндегі өзекті мәселенің бірі болып келген Жібек Жолы көшесіндегі №5А көп қабатты тұрғын үйдің ауласын аббатандыру жұмыстары биыл іске асатын болады. Қазіргі таңда аталған бағыттағы жұмыстарға алғашқы қаржысы қарастырылып отыр. Алдағы мәслихат сессиясында қаржы бекітілгеннен соң, мердігерді анықтау жұмыстары атқарылатын болады.
Бұл туралы бүгін аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов Састөбе кентінің тұрғындары алдында берген тоқсандық есебінде мәлімдеді.
Бұдан бөлек биылғы жылы Састөбе кентінде орналасқан апатты тұрғын үйлердің орнына ренновация бағдарламасы арқылы бой көтеретін 48 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйдің және Ынтымақ ауылдық клубының құрылысына жобалық сметалық құжаттар әзірлеуге қаржы қарастырылып отыр.
Жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы Хамит Байысбаев пен мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Ербол Орманов, дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Кездесу уақытының басым бөлімі регламентке сай сұрақ-жауап форматында өтіп, аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов тиісті мекеме басшыларымен бірге тұрғындарды толғандырған денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік, спорт саласы мен жеңілдетілген пайызбен несие алу, жарықтандыру, ауыз су, темір жол бекетіне жолаушы тасымалдайтын поездың тоқтауын ұйымдастыру, көгалдандыру жұмыстарына қатысты сұрақтарына жауап беріп, мәселелерді шешу жолдарын талқылады.
Содан соң аудан басшысы жеке мәселелерімен жүгінген кент тұрғындарына жеке қабылдау өткізіп, көкейлерінде жүрген мәселелеріне құлақ асты. Қабылдау барысында көтерілген әр мәселе бойынша жауапты мекеме басшысына нақты тапсырмалар жүктеп, Заң аясында шешуге тиісті жұмыстар атқаруды тапсырды, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Аталған Жарлық Президенттің биыл 7 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау шеңберінде әзірленді, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі...