ТҮЛКІБАС: АУДАН ӘКІМІ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

ТҮЛКІБАС: АУДАН ӘКІМІ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

Бүгін аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов аудан тұрғындарымен кезекті жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдауда болған азаматтар тарапынан көтерілген тұрғын-үйге, ауыз су, ағын су, мемлекеттен қайтарымсыз гарнт алу, туризм саласын дамыту мен үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру, жұмысқа орналасу, жер қатынастарына қатысты мәселелер бойынша аудан басшысы қолданыстағы заңдарға сәйкес нақты жауап беріп, тұрғындар өтініштерін қанағаттандыру мақсатында тиісті орынбасары мен бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Кейбір мәселе бойынша арнайы жұмысшы топ құрып, толық зерделеп, ұсыныс әзірлеу қажетігін атап өтті.
Ауданда туризм саласын дамыту ұсынысымен келген «Замир» қоғамдық бірлесігінің президенті Рустем Егенбердиевтың бастамасына Заң талаптарына сай қолдау көрсетілетіндігін жеткізіп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс атқаруға шақырды, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек Қостанай облысына жұмыс сапары барысында іске асырылып жатқан маңызды жоба - KIA маркалы автомобиль...

Jibek Joly 5.0 мәдени-туристік жобасының жаңа маусымы 19 қыркүйекте басталады. Бесінші рет ұйымдастырылғалы отырған тур Ұлы Жібек жолы бойындағы...