ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШҚЫ ЖҮРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШҚЫ ЖҮРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ

Еліміздегі өңірлер ішінде жүрек трансплантациясы алғаш рет Шымкентте жасалды, , деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.
Жүрек алмастыру отасын еліміздің бас кардиохирургы Юрий Пя, Ұлттық ғылыми кардиохирургия және Шымкент жүрек орталығы қызметкерлерімен бірлесе жасады.
Ота кезінде кардиохирургтар 61 жастағы азаматқа 46 жастағы азаматтың жүрегін хирургиялық жолмен қондырдып берді. Күрделі ота сәтті өтті.
Биыл жеке инвесторлар есебінен 3 жаңа медициналық орталық ашылды. Соңғы 4 жылда 12 жеке медициналық орталық пайдалануға беріліп, қаладағы мемлекеттік емханалардың жүктемесі 30 пайызға азайды.
5 мамыр күні №1 қалалық клиникалық ауруханасының базасында 200-ші бүйрек трансплантациясы өтті. Рецепиент 6 жылдан бері бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрып, гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Алдағы уақытта рецепиент қалыпты өміріне қайта оралады.
Мұндай оталар әдетте 7-8 сағат уақытты алса №1 қалалық клиникалық ауруханасының білікті дәрігерлері 3-4 сағатта отаны сәтті аяқтауда. Қазір бүйрек жетіспеушілігімен Шымкент қаласы бойынша 2000-ға жуық науқас тіркеуде тұр және де алдағы уақытта науқастарға жоғарғы медициналық көмек көрсету жүргізіледі.
Шымкентте «Отбасылық және гендерлік саясатты дамыту, қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыру» жобасы іске асырылуда. Әйелдер денсаулығын жақсарту мақсатында ұйымдастырылған кешенді іс шаралар да өз нәтижесін беруде. Қалада ана өлімі көрсеткіші былтыр 15,6-ға дейін төмендеді.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы қаладағы 4 репродукция орталығы арқылы іске асырылады. Сонымен қатар алдағы уақытта 200 төсектік перинаталдық орталықты салу жоспарланып отыр.
Заманауи технологияға негізделген мұндай операциялардың жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын мүгедектік, өлім-жітім жағдайларын азайтуда септігі мол.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

30 жасқа толған, заң саласында жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан азаматы судья бола алады. Қазіргі уақытта судья лауазымына конкурстық іріктеу...