Жазғы маусым басталғалы қалада 35 субұрғақ іске қосылып, мегаполис тұрғындары мен қонақтарына кестеге сәйкес қызмет атқарып тұр. Субұрқақтар қаланың сәнін келтіріпғ көркін ашады, сонымен қатар ауа-райының аптап ыстығында көшедегі жүргіншілердің сергіп салқындауына сеп болады.
Қаланың ішінде 8 субұрқақтың насосы жаңартылуда. Олар Әл-Фараби ауданындағы, Арбат гүлзарындағы, Имран сауда орталығы алдындағы субұрқақ, Жеңіс саябағы, Байтұрсынов-Жандосов көшерлеріндегі субұрқақ, Спорт гүлзары, Құрметті азаматтар аллеясындағы, әуежайдағы субұрқақтары. Сондай-ақ, Орталық саябақтағы және Қошқар ата өзеніндегі, яғни Ордабасы алаңындағы субұрқақтардың құбыры ретке келтірілді.
Ал Асар шағын ауданындағы әуенді субұрқақтары, Нұрсәт аллеясында орналасқан субұрқақтар жақында іске қосылуға дайын. Сонымен қатар Чернобыль субұрқағы – күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
Шымкент қаласындағы 5 орында орналасқан ауызсу бұрқағы қайта іске қосылды. Мұндай су бұрқақтары өткен жылы Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданының демеушілері тарапынан адам көп шоғырланатын орындарға қойылған болатын. Орнатылған бұрқақ қала тұрғындары қатарынан жылы қабылданды.
Айта кетейік, Әл-Фараби ауданы аумағында көгалдандыру, күтіп ұстау жұмыстары жалғасуда. Бүгінде Қонаев, Бәйдібек би даңғылдарында және орталық көшелерде шөп орылып, газондар суғарылуда. Аудандағы басты көшелердің бойындағы ағаштарды пішімді түрде кесу және санитарлық қырқу, жасыл екпелерді суғару жұмыстары атқарылып отыр. Аталған жұмыстар аудан әкімі аппаратының күнделікті қадағалауына алынған.
Осы орайда қала тұрғындары мен қонақтарынан жаздың аптап ыстығында кез-келген адам келіп сусындай алуы үшін санитарлық нормаларды сақтап, субұрқақтарды қоқысқа толтырмауды сұранамыз. Өз қаламыздың көркеюіне бірге атсалысайық! Әлбетте бұрқақтар қаламыздың көркін ашуда.
Іске қосылған барлық субұрқақтарға автоматикалық жүйе орнатылуда, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.