ТҮЛКІБАС: ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ

ТҮЛКІБАС: ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ

Бүгін «Аmanat» париясының аудандық филиалының ғимаратында аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов өтінішпен келген аудан тұрғындарын жеке-жеке қабылдап, көкейлерінде жүрген мәселелерге құлақ асты.
Басқосуда жұмысқа орналастыру, ауыз сумен қамтамасыз ету, көп қабатты тұрғын үйдің жер төлесі мен ауласының тазалығына қатысты мәселелер көтеріліп, тұрғындардың пәтер жалдаушы азаматтарға деген наразылықтары тыңдалды.
Аудан басшысы Нұржан Жақсылықұлы жауапты мамандармен бірге көтерілген әр мәселеге Заң талаптарына сай жауап беріп, барлық ұсыныс-өтініштер назарға алынып, жұмыс жоспарына еңгізіліп, орындалуы қатаң бақылауда болатындығын атап өтті. Демеушілер есебінен іске асырылатын тұстарын жауапты орынбасарына жүктеп, тиісті шаралар атқаруды тапсырды, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын нақты қорғау атқарушылық құжаттардың толық және уақытылы орындалуымен жүзеге асырылады. Ағымдағы жылы сот...

Әділет министрлігі Халықаралық төреліктер мен шетелдік соттарда мемлекеттің мүдделері мен мүліктік құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Өз...