БАССЕЙН ОРНАЛАСҚАН НЫСАНДАРДА БАЛАЛАРҒА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

БАССЕЙН ОРНАЛАСҚАН НЫСАНДАРДА БАЛАЛАРҒА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Қазір жаз маусымы. Балалардың жазғы демалысы, ересектердің еңбек демалысы, серуендеу және шомылу уақыты. Яғни теңізде, бассейнде, су айдынында шомылу. Бірақ, қай жерде шомылсаңыз да, ешқашан судағы қауіпсіздік ережелері туралы ұмытпау керектігін ескергеніміз жөн.
Осы мақсатта аудан әкімі аппараты аудандық төтенше жағдайлар басқармасымен бірге аудан аумағындағы бассейн аймағы бар нысандарды аралап, балаларға суда жүзу кезіндегі қауіпсіздік және жазатайым оқиға орын алған сәтте алғашқы көмек көрсету ережелерін кеңінен түсіндірді.
“Ыстық күні суға түсу қауіпті, бұл жүректің тоқтауына және сананың жоғалуына әкелуі мүмкін. Бірде-бір жағдайда қарсылас су астында ұстап тұрған кезде ойын ойнауға болмайды, бұл өте қауіпті. Шын мәнінде бәрі дұрыс бола тұра жалған дабыл көтеріп, суға батып бара жатқандай көрініс жасаудың қажеті жоқ. Себебі нақты қауіп туындаған кезде сізге сенбей қалуы мүмкін. Бұл ережелер туралы балаға алдын ала айтуымыз керек.”- деді, аудандық төтенше жағдайлар басқармасы өкілдері.
Еске сала кетейік, аудан әкімі аппараты мен аудандық төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Су айдынында қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар:
- Бейтаныс жерлерде шомылмаңыз;
- Суға мас күйінде түспеңіз;
- Балаларды судың маңайында қараусыз қалдырмаңыздар;
- Жүзу үшін тақтайша, камера, пенопласт, үрмелі матрастарды қолданбаңыз;
- Суда түсерде камераны, допты, тақтайшаны қолдануға;
- Жүзу білмесеңіз, суға беліңізден жоғары түспеңіз;
- Суда ойнауға;
- Түнде суға шомылмаңыздар;
- Жағалаудан алыс жүзіп кетпеңіз.
ШОМЫЛУШЫЛАРҒА КЕҢЕС!
- Суға абайлап түс.
- Жүзу білмесең, суға белден аса тереңдікке барма.
- Жалғыз шомылмауға тырыс.
- Егер де ағысы қатты суға түсіп кетсең, ағысқа қарсы жүзуге тырыспа, оған шамаң жетпейді. Мұндай жағдайда жағаға жақындайтындай болып ағыс бойымен жүзуің керек.
- Көмекке шақырудан ешқашан ұялма.
- Балалардың суға шомылуы тек ересектердің бақылауымен жүргізілуі керек.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысына Үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Аz Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау...

Ресей, Ленинград облысы Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының...