ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНДЕ «1310» ҚЫЗМЕТІ, ЯҒНИ БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ РЕСМИ 21 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНДЕ «1310» ҚЫЗМЕТІ, ЯҒНИ БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ РЕСМИ 21 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қала тұрғындары тәулік бойы өздерінің мәселелерін онлайн түрде қоңырау соғып айтуға мүмкіндігі бар. Орталық коммуналдық, әлеуметтік және туристік бағыттарды қамти отырып, қаладағы 6 сектордың жұмыс сапасын бақылау, қадағалауды қамтамасыз етеді.
Бүгінге дейін орталыққа 3034 өтінім келіп түскен, оның 2996-на дер кезінде орындалды. Ал 35 өтінім бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Ең көп түсетін шағымдар жарық, су, жол салаларына қатысты. Өтінімдер қоңыраудан бөлек төменде көрсетілген әлеуметтік желілер арқылы қалдыра алады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылдың соңына дейін Түркістан облысының халқын 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етілуі тиіс. Елді мекендерді үздіксіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауында. Маңызды мәселе өңір басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте қаралды.
Сонымен қатар, отырыста Түркістан және Кентау қалаларын Мырғалымсай жер асты су кен орнынан ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі де жан-жақты талқыланды. Оған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитетінің басқарма басшысы, осы салаға жауапты басшылар, ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарын жүргізетін сарапшылар қатысты.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты сала басшыларына Геология комитетімен бірлесіп, қысқа мерзімде елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету және проблемалық мәселелерді шешу жолдары жөнінде нақты ұсыныс әзірлеп, ұсынуды тапсырды. Ауыз су тапшылығының алдын алуға қатысты тиісті жұмыстарға күш салуды жүктеді.
Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбековтың баяндауынша, Түркістан облысында барлығы 7 топтық су құбыры және жергілікті су құбыры бар. 608 елді мекеннің басым бөлігі ауыз суды жер асты су көздерінен (ұңғымадан) пайдаланады.
Су құбырымен қамтамасыз етілген 720 елді мекеннің 215 елді мекеніне ауыз су кестемен беріледі. Соның ішінде, облыстың оңтүстік аймақтарда ауыз суға тапшы. Оған жер асты сулары деңгейінің түсуі себеп. Нәтжесінде су қоры азаюда.
Осы мәселерді шешу мақсатында бірінші ке­зекте халықты ауызсумен қам­та­ма­сыз ету қолға алынып, жүзеге асы­рылған екі ірі жобаның арқа­сын­да бүгінде бұл мәселе түбегейлі ше­шілген және істе 2050 жылға дейін ха­лық саны 500 000 адамға жету мү­м­кін деген болжам да ескерілген. Түркістан қаласына 234 млн тек­ше метр ағын су жетіспей­ті­ні анық­та­лып, оны шешу үшін ға­лым­дармен кеңе­се келе Түркістан қа­ласына 248,8 млн текше метр ағын су жет­кізу­дің жо­лы табылған. Бұл үшін «Түр­кістан ма­гистралды кана­лын күр­делі жөн­деу» жобасы ар­қылы 60 млн текше метр су үнемделіп, қала ау­ма­ғындағы 8 шақырым канал бойы абат­тан­дыры­лады (құны – 16,5 млрд тг). Бұрын ағын су 43 пайыз фильт­ра­циялық шығынға ұшыраса, енді оны болдырмау үшін бүгінде 52 ша­қы­рым каналды бетондау жұмыс­тары жүргізілген. 2021 жылдың желтоқсан айында «Кең­сай – Қосқорған – 2» су қоймасы жобасы пайдалануға берілді. Жоба аясында 34 млн текше метр ағын су жеткізіледі. «Арыс-Түркістан магистралдық ар­насын толықтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық арна салу» ар­қылы 52,8 млн текше метр ағын су жет­­кізілетін болады (құны 30,2 млрд тг). Жаңадан «Сарқырама» су қой­ма­­­сын салу арқылы 65 млн. текше метр ағын су жеткізілмек (құны 7,4 млрд тг). Сондай-ақ Кентау қаласында «Қос­­қорған» су қоймасын то­лық­тыра отырып, су төмендету жүйе­сін салу жо­басы арқылы 40 млн текше метр ағын су жеткізіледі (құны 20 млрд тг).
1. Call центр 1310 қысқа номеріне хабарласу арқылы;
2. Whatsapp +707 333 1310 нөміріне жазу арқылы;
3. Instagram парақшасы turkistan1310;
4. Facebook: Turkistan Bailanys Ortalygy.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен магистранттарына және докторанттарына арналған 2656 орындық жаңа жатақхананы аралап...

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Түркістан облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты,...