Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы мен Түркістан қаласының прокуратурасы бірлесіп «Бизнесті қорғау» жобасы аясында кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Басқосуда кәсіпкерлік нысандарға инфрақұрылым, кәріз, су жеткізу, электр желісімен қамтамасыз ету бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.
Кездесуге Түркістан қаласының прокуроры Кәукен Бақытбайұлы, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев арнайы қатысты.
«Бүгінде облыс орталығының кәсіпкерлері, инвесторлар мен инвестициялық жоба басшыларының көкейінде жүрген мәселелері талқыланып жүр. Әрбір кәсіпкерлік субъектілердің қордаланған мәселесі әрдайым біздің назарымызда. Сондықтан алдағы уақытта мәселелерді оңтайлы шешудің жолдары қарастырылатын болады», - деді Асылан Ибадуллаев.
Шара барысында кәсіпкерлер тарапынан бәршама сұрақтар қойылып, тиісті сала мамандары жауап берді. Жиында көтерілген мәселелер бойынша жауапты мекемелермен бірлесіп шешу жолдары қарастырылды.
Сондай-ақ, тұрғындар сұранысы бойынша №22 көше мен Б.Майлин көшесінде тазалық жұмыстары бақылауға алынды.
Ж.Қыдыр көшесіндегі №83, №84 тұрғын үйлердің ауласындағы ауыз су құбырлары жаңартылып, Балақаев көшесі №49/3 тұрғын үйдің жертөлесіндегі кәріз жүйелері қалпына келтірілді.
Т.Бокин көшесіндегі көппәтерлі үйлер ауласындағы абаттандыру жұмыстарының 90% жұмысы жасалып үлгерді.
Сонымен қатар, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның жүзеге асуы бойынша ақпараттар жеткізілуде.
Жоба аясында 21-35 жас аралығында кәсіп ашуға ниетті тұрғындарға жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайыздан аспайтын 5 млн теңгеге дейін несиелер берілуде.
Микронесиенің берілу мерзімі - 5 жылға дейін.
Егер бұрыннан кәсібі бар азамат болса тіркелу мерзімі 5 жылдан аспаған болуы керек.
Биыл жоба аясында 150 азаматқа несие беру жоспарланған.
Кәсіпкерлікті қолдаудың танымал бағдарламаларының бірі – «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы», оның аясында «Даму» Қоры кәсіпкерлерге қолдаудың екі түрін ұсынады: субсидиялау және кепілдік беру.
Ұлттық жоба бағдарламасы бойынша кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау – субсидиялар арқылы жобалық қаржыландыруды ала алады. Несиенің максималды сомасы және мемлекеттік субсидиялар мөлшері жобаның орналасқан жеріне байланысты.
Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету үшін кәсіпкерлер банкке несие рәсімдеу керек, содан кейін несиенің мақұлдауын алғаннан кейін «Даму» Қорына өтінішпен жүгінеді.
Кепілзат жетпегенде мемлекеттің кепілдігін алудың негізгі критерийлері:
«Даму» Қорының кепілдігін іс бастаушы және бизнесі бұрыннан бар кәсіпкерлер мынадай шарттар бойынша ала алады:
Несие сомасы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін 360 млн теңгеден, бизнесі бұрыннан бар кәсіпкерлер үшін несие сомасы 1 млрд теңгеден аспайды.
Несие қаражаты инвестиция, айналым қаражатын толықтыру немесе қолдағы қарызды қайта қаржыландыруға жұмсалуы тиіс.
Бизнес-жоба экономиканың басымдық берілген салаларының біріне жатады. Бұл талап республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында тіркелген кәсіпкерлерге қатысты. Елді мекендерде, оның ішінде моно, шағын қалаларда, ауылдық жерлерде жүзеге асатын жобалар үшін салаға шектеу жоқ.
Жобаның бизнес-жоспары несиені ескере отырып, қаржылық-экономикалық жағынан тиімді болуы шарт.
Борышкердің несиеге өтінім берген кезінде несие тарихы бұзылмаған, бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешегі болмағаны дұрыс.
Ол үшін елдің қай өңірінде отырғаныңыз маңызды емес. Цифрлық қолтаңба кілтіңіз бен интернет болса жеткілікті. «Даму» Қорының қолдау құралдарын Online.Damu.kz порталына кіріп тауып аласыз.
Жалпы Түркістанды одан әрі дамыту бағытындағы жұмыстар үздіксіз жүргізіліп жатыр. Әкімшілік-іскерлік орталығындағы мектеп аумағындағы 1,75 гектар жерге түрлі ағаштар отырғызылып, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылған. 1072,0 м2 жерге ойын және спорт алаңшалары салынып жатыр. Сонымен қатар Б.Саттарханов даңғылынан әуежай бағытындағы 10,15 гектар аумаққа жайғасқан желілік саябақтың абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Аумаққа 836 ағаш егіліп, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылуда. Мұнда арка, субұрқақ және шатырлар қарастырылған. Ал 159 м2 аумаққа ойын алаңдары салынады.
«Отырар» мөлтек ауданын абаттандыру жұмыстарының басым бөлігі аяқталды. Мұнда 2,34 гектар аумақты алып жатқан субұрқағы бар гүлзар мен Яссы көшесі бойын жағалай орналасқан гүлзар құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Қазіргі таңда тұрғын үй аулаларын абаттандыру жұмыстары қарқын алды. Жоспар бойынша мөлтек аудандағы 3 аулаға ойын алаңшалары, 3 аулаға спорт алаңшалары салынады. Қозғалмалы орындықтар мен түрлі дизайндағы мафтар аула ажарын аша түспек.