«ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА : ТУРИЗМ, ИНВЕСТИЦИЯ, ЭКОНОМИКА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

«ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА : ТУРИЗМ, ИНВЕСТИЦИЯ, ЭКОНОМИКА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысында алғаш рет бизнес және туризм өкілдерінің, халықаралық деңгейдегі сарапшылардың басын біріктірген TIF’23 – «Түркістан: Туризм, Инвестиция, Экономика» халықаралық форумы өтіп жатыр. Ауқымды жиынға Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Қытай, Ресей елінің беделді саясаткерлері, ықпалды кәсіпкерлер, сала көшбасшылары мен сарапшылары, инноваторлары қатысуда.
Форумның пленарлық сессиясына Еуразиядағы BBC Global News басшысы Сергей Становкин модераторлық етіп, бағдарламаны таныстырды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірді дамытудың маңызды аспектілері, стратегиялық маңызды салалары, оның ішінде туризм, инвестиция және экономика бағыттары туралы баяндама жасады.
– Бұл форум – біздің аймақтың болашағы мен толық өркендеуіне бағытталған идеялар, стратегиялар және жоспарлар алмасу үшін тамаша алаң. Туризм, инвестиция және экономика біздің аймақтың болашағын анықтайтын стратегиялық маңызды салалар болып саналады. Түркістан облысы ауыл шаруашылығы ғана емес, экономиканың түрлі салаларында да жобаларды іске асыру үшін кең инвестициялық мүмкіндіктер ұсынады. Халық тығыз орналасқандықтан, аймақ үлкен кадрлық әлеуетке ие. Облыста 170 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілі жұмыс істейді. Оның ішінде 70 мыңнан астам шаруа және фермер қожалығы бар. Өңіріміз арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі әлемдік нарықтарға шығудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Қолайлы климаттық жағдайлар ауыл шаруашылығымен жыл бойы айналысуға мүмкіндік береді. Өңірде «TURAN» көпфункционалды арнайы экономикалық аймағы мен индустриалды аймақтар инвесторларға қолдау көрсетуге дайын. Бүгінгі іс-шара облысымыздың экономикалық және инвестициялық дамуына жаңа серпін береді деп сенемін, – деген облыс әкімі қатысушыларға алғысын білдіріп, инвесторларды бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Соңғы бес жылда Түркістан өңіріне инвестициялар тарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. 2018 жылдан бастап облысқа шамамен 6,3 млрд. АҚШ доллары көлемінде өнеркәсіп, жылжымайтын мүлік, ауыл шаруашылығы, туризм және жаңартылатын энергия көздері сияқты салаларға инвестициялар бағытталды.
Қаржыландырудың басым бөлігі – жеке инвесторлар есебінен жүзеге асуда. Мәселен, 2023 жылы 437,7 млрд. теңгені құрайтын 30 инвестициялық жоба іске қосылып, 5951 жаңа жұмыс орны ашылды. Қазіргі уақытта өңірдің қоржынында 2023-2026 жылдарға арналған 7 млрд. АҚШ долл. көлемінде және 16 мың жаңа жұмыс орнының құрылуымен 194-ке жуық инвестициялық жоба бар.
TIF'23 – ол бизнесті дамытуды ынталандыруға, жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді ұсынуға, ынтымақтастықты кеңейтуге және түркітілдес мемлекеттерді жаңа әлемнің экономикалық және іскерлік орталықтарының біріне айналдыруға, сондай-ақ жаһандық корпорацияларды, ритейл саудагерлерді стратегиялық нарыққа біріктіруге бағытталған жетекші халықаралық іс-шара. Форумда бірнеше сала бойынша пленарлық сессиялар өткізіліп, маңызды келісімдер жасалады.
Айта кетейік, форумды Түркі Мемлекеттері Ұйымы, Түркістан облысы әкімдігі, «Атамекен» ҚР ҰКП, «Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубы» қауымдастығы, Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы, Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС, «Turkistan Invest» ЖШС ұйымдастырып отыр.
Форум алдында инвесторлар мен кәсіпкерлер Түркістан облысындағы өнеркәсіптік алаңдарды аралады. Ол жерде Түркістан облысында ашылған өндіріс орындары таныстырылып, инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтылады.
Айта кететін, Түркістанның жалпы аумағы соңғы үш жылда 19,6 мың гектардан 22,4 мың гектарға ұлғайып, халық саны 165,4 мың адамнан 225 мыңға адамға жетті.
Қала әкімі жыл басынан бері қала халқымен алты сектор бойынша 96 кездесу өткізген. Алғашқы басқосулар ауа райына байланысты жабық мекемелерде өткенімен, кейінгі кездесулер өзекті мәселелер бойынша ашық алаңда көше тұрғындарымен ұйымдастырылды.
Нәтижесінде 9 айда 925 мәселе көтеріліп, оның 873-і орындалды. Өзге мәселелер қаржы талап етуіне байланысты, қаланың даму жоспарына енгізіліп, жүйелі түрде атқарылатын болады. Бұл бойынша сектор тарапынан түсіндіру шаралары жүргізілуде. Қаңтар-қыркүйек айларында 158 азамат мәселелерімен әкімнің жеке қабылдауына келіп, өтініштерін жеткізді. Көтерілген сұрақтардың басым көпшілігі — тұрғын үйге қатысты. Әлеуметтік сала, инфрақұрылым, жол және қоғамдық көлік, жер саласына байланысты да сауалдар туындап, сараланды. Қабылдау қорытындысымен 196 тапсырма беріліп, орындалды.
Қала басшысының баяндауынша, өзіндік кірістердің көлемі 2022 жылдың қорытындысымен 15,1 млрд.теңге болса, 2023 жылға 19,4 млрд.теңге болып нақтыланды немесе өсім 28,5% пайызды құрады.
Жалпы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қаланы сипаттайтын басты көрсеткіш жалпы өңірлік өнім көлемі 2022 жылдың қорытындысымен 319 млрд.теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 3,8% өсті.
Оның ішінде өнеркәсіп саласына 6,6 пайызға өсіп, 21,1 млрд.теңге көлемінде атқарылды. Ауылшаруашылық саласына 3,3 пайызға артты. 10,5 млрд.теңге құрады. Орындалған құрылыс жұмыстары 62,9 пайызға жетіп, 200,7 млрд. теңгеге жеткізілді. Тауар айналымы және қызметтерді өткізу көлеміне 27,2 пайызы яғни 86,7 млрд.теңге тиесілі.
2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айына 222,7 млрд.теңгеге жетіп, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 15%-ға артты. Оның ішінде өнеркәсіп саласына 8,5 пайыз 18,9 млрд.теңге жұмсалды. Ауылшаруашылық саласына 3 пайыз 6,8 млрд.теңге тиесілі. Орындалған құрылыс жұмыстары 51,7 пайыз 115,1 млрд. теңге құрады. Тауар айналымы және қызметтерді өткізу көлеміне 36,8 пайызы яғни 81,9 млрд.теңге тиесілі.
Үлкенді кішілі деңгейдегі әкімдердің қызметінің негізгі көрсеткішінің бірі өңірге инвестиция тартуымен өлшенеді.
2022 жылы қала аумағында 304,9 млрд.теңге инвестиция тартылған. Оның 168,6 млрд.теңгесі бюджет есебінен болса, жеке инвестиция есебінен 136,3 млрд.теңге тартылған. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 3,6% өсімді құрады.
2023 жылға инвестиция көлемі 348,9 млрд.теңгеге жеткізілмек. Оның ішінде бюджет есебінен 102,0 млрд.теңге болса, жеке инвестиция 246,9 млрд.теңге болып жоспарланды. Биылғы 9 айдың қорытындысымен 245,8 млрд.теңгеге орындалды. Оның ішінде бюджет есебінен 91,2 млрд.теңге болса, жеке инвестиция 154,6 млрд.теңгеге жеткізілмек.
Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – өнеркәсіп саласында 2022 жылы 21,1 млрд.теңгеге өнім өндіріліп өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,7% өсті. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 13,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 6,0 %-ға жеткізілді. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемi 6,0 млрд.теңгенi құрады, сумен жабдықтау 1,8 млрд. теңгенi құрап, 2 есеге артты.
Үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айында 18,8 млрд.теңгенiң өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 4,3 % құрады. Өнеркәсіптің басымды саласы өңдеу өнеркәсібінде 12,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 4,5 %-ға жеткізілді. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемi 5,5 млрд.теңгенi құрап, өсім 25,6 пайызға, сумен жабдықтау 1,2 млрд. теңгенi құрап, 7,6% пайызға артты.
Қала аумағында туризм индустриясы кешенді дамып келеді. 2023 жылғы 9 айдың қорытындысымен Түркістан қаласына келуші зияратшылар мен туристердің саны 678,5 мың адамға жетті, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,1% өсті.
Сонымен қатар, 2023 жылы қаңтар-қыркүйек айларында шетелдік туристер саны 6,7 мың адамға жетті. Яғни былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24,1% өсті. Өткен жылдың тоғыз айында 5,4 мың адам болатын.
Ағымдағы жылы қаңтар-қыркүйек айларында орналастыру орындарының саны 58 бірлікті құрады.
2023 жылға 412,6 мың шаршы метр немесе 5 966 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде көпқабатты тұрғын үйлер – 228,4 мың шаршы метр болса, жеке тұрғын үйлер –184,2 мың шаршы метр болады. Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында пайдалануға берілген тұрғын үй саны 294,0 мың шаршы метрді құрап, яғни былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,5% өсті.
Ал құрылыс жұмыстары 55,0 млрд. теңгеге орындалып, өсім 2% құрады.
Ағымдағы жылы бюджет есебінен 66 үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның 59 үйін жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Ал, жеке инвестиция есебінен 46 үйдің құрылысы жүргізілуде.
Одан бөлек, Түркістан қаласын одан әрі дамыту мақсатында жаңадан салынатын 800 пәтерлі 5 қабатты 20 тұрғын үйдің 56,4 мың шаршы метр құрылысы облигация есебінен, несиелік тұрғын үй басталып, нәтижесінде халық игілігіне 220 мың теңгеден несиеге берілетін болады.
Қазіргі таңда, Түркістан қаласының тұрғын үй кезегінде 16197 азамат тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркеліп тұр.
Оның ішінде әлсіз топ өкілдері-6135, көп балалы отбасы-4662, бюджеттік қызметкер-5198, тұл жетім-200 және жалғыз баспанасы апатты деп танылғандар саны екеу болып отыр.
2022 жылдың қорытындысымен 3155 пәтерді құрайтын 49 үй пайдалануға берілді. Оның ішінде ипотекамен – 2683 пәтер, көп балалы отбасына – 544 пәтер, әлсіз топ – 244 пәтер берілді. Сонымен қатар, кезектегі азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 187 пәтерлерді сатып алуға 1,8 млрд.теңге қарастырылып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы жүруде.
Қала аумағында 2023 жылы ауқымды 73 мәдени іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде, «Түрленген, гүлденген Түркістан» атты ақындар айтысы, Түркістан облысының құрылғанына бес жыл толуына байланысты салтанатты концерттік бағдарлама, қала күніне орай, «Түркістан-бақ мекенім» мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді. Сонымен қатар, қалада мәдениет үйі болмау есебінен 2022 жылы жалпы сомасы 1,7 млрд.теңгені құрайтын 500 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталды.
Спорт саласындағы индикаторлық көрсеткіштерге келетін болсақ, 2022 жылдың қорытындысымен барлық көрсеткіштер орындалды.
Ағымдағы жылы қалада ірі спорттық іс-шаралар жоспарланған. Атап айтсақ, әуесқой футбол лига ойындары, Б.Саттарханов атындағы бокстан республикалық турнир, «Turkistan Marathon-2023» Халықаралық марафон өткізілді. Сонымен қатар, 2023 жылы қазан айында жалпы сомасы 767,4 млн.теңгені құрайтын 2050 орындық стадионның ашылу салтанаты өтті.
Осындай салауатты өмір салтын ұстану нәтижесінде 2023 жылдың 9 айында қала аумағында құқықбұзушылық саны – 554 құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен 26,6% төмендегені байқалды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...