ТҮРКІСТАНДА «BEST STARTUP» ҮЗДІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «BEST STARTUP» ҮЗДІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында облыстық «BEST STARTUP» үздік инновациялық жобалар байқауы өтті. Бағдарламаға қатысу үшін жалпы 42 адам өтінім беріп, келесі кезеңіне 20 жоба қабылданды. Байқауға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Нұралұлы, Түркістан қаласы «DOSTI Туркестан» ТОО директоры Нұржан Шаяхметұлы, Түркістан облысы «Атамекен» ҰҚП бөлім басшысы Әзірет Талғатұлы төрелік етті.
Сайыс нәтижесіне сәйкес І орынды Жандар Тұңғышбай (Литофания технологиясын пайдалана отырып 3Д принтермен Түркістан тарихи орындарды қайта бейнелеп басып шығару), ІІ орынды Манапов Дауд («DAUD» инновациялық балалар шаштаразы), ІІІ орынды Мұхтарұлы Абылай (Жасанды интеллекті микроанықтағыш) иеленді. Жеңімпаздарға 500 000 теңге, 300 000 теңге, 200 000 теңге, сонымен қатар қатысқан барлық қатысушыға 50 000 теңге ынталандыру сыйлығы мен алғыс хаттар берілді.
«Көп адамдармен танысып, жаңа жобалар туралы ақпарат алдым. Қазір елімізде робототехника қарқынды дамуда және техникалық үйірмелер, мамандықтар ашылып жатыр. Бүгін, Литофания технологиясын пайдалана отырып 3Д принтермен Түркістан тарихи орындарды қайта бейнелеп басып шығару жиынтығын әзірлеп әкелдім. Осы жиынтық арқылы өз қаламның туризм саласын дамытамын деген сенімдемін» – деді І орын иегері Жандар Тұңғышбай.
Айта кетейік, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен байқаудың мақсаты еліміздің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін үздік жобалар мен технологияларды анықтау және ғылыми-инновациялық қызметке қызықтыру арқылы жастардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, Отандық инновациялық жобаларды іске асыруда көмектесу, олардың коммерцияландыруына және ұлттық кәсіпорындарда енгізуге көмектесу болып саналады.
Еске саларлық, Қасым-Жомарт Тоқаев Пре­зи­дент жа­нындағы Ғылым және тех­но­логиялар жө­ніндегі Ұлттық кеңес­тің алғашқы оты­рысын өткізген болатын.
Мемлекет басшысы қай заманда да дамудың басты кілті ғылым екенін атап өтті.
– Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы – білімнің жемісі. Әсіресе, қа­зіргі озық техноло­гия дәуірінде ғы­лым­сыз алға басу мүмкін емес. Сондықтан мен ғылымды дамыту ісіне айрықша мән беріп отырмын. Осы өзекті мәселе бойын­ша сайлау алдындағы бағдар­ла­мада арнайы өз пікірімді айттым. Себебі ғы­л­ымды дамыту – мемлекет саясатын­да­ғы ең маңызды бағыттың бірі. Өкініш­ке қарай, елімізде ұзақ жыл бойы оған бас­а назар аударылған жоқ. Соған бай­ла­нысты шешімін таппай жатқан мә­се­лелер аз емес. Тіпті, бұл сала артта қалды деу­ге болады. Біз өркениетті ел боламыз де­сек, осы олқылықтың орнын толты­руы­мыз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент ғылым мен техноло­гия­ның өте қарқынды дамып жатқанына тоқ­талды. Оның ай­туынша, ғылым сала­сы қаржы айналымы мил­лиардтаған дол­ларды құрайтын алып ин­дус­трияға ай­налды. Технологиялық ірі кор­пора­ция­­лардың құны триллион долларға жет­кен. Ней­рожелі және жасанды ин­тел­лект революциялық үдерістерге бас­тау болып жатыр.
– Бір сөзбен айтсақ, заман өте жылдам өзгеріп жатыр. Біз осы өзгеріске бейім­делуіміз керек. Әйтпесе, өркениет даңғы­лынан қалып қоюымыз мүмкін. Түпкі мақсатымыз – көшке ілесетін емес, сол көшті бастайтын елдердің қатарында болу. Бұл мақсат, әрине, өте күрделі, оны жақсы түсінуіміз керек. Мен бұл туралы үнемі айтып жүрмін. Жалпы, біз алдымызға қол жеткізе алмайтын тым асқақ мақсаттар қоймауымыз керек, бірақ ғылыми жетіс­тіктерге жету үшін бар күш-жігерімізді салуымыз қажет. Қазақстан үйренетін емес, үйрететін, тұтынатын емес, өндіретін мемлекетке айналуға тиіс. Бұл міндет бос сөз күйінде қалмауы керек. Ол үшін біз әр­дайым батыл қимылдап, бір қадам алда жүруіміз қажет. Жұмысты дұрыс үйлестіре ал­сақ, бұл шаруа біздің қолымыздан келетіні анық, – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, 2021 жылғы 13 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық жобалардың тізбесін бекіту туралы жарлыққа қол қойды. 10 нақты Ұлттық жоба анықталды. Соның бірі – 2021-2025 жылдарға арналған «Сапалы білім» Білімді Ұлт» жобасы. Ұлттық жобада зияткерлік әлеуетті дамыту, қазақ тілін дамытуға жағдай жасау және жастарға жаңа мүмкіндіктер жасау сияқты мәселелер қамтылған.
«Сапалы білім» Білімді ұлт» ұлттық жобасы бес міндеттен, 15 көрсеткіштен және 26 шарадан тұрады. Жоба 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында және Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – Қазақстан халқына Жолдауында» белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Атап айтқанда, Ұлттық жобада балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту, оқушылар орнының тапшылығын шешу үшін мектептер салу, қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын құру шаралары қарастырылған. Жобаның негізгі мақсаты – білім берудің барлық деңгейіндегі оқушылардың білім сапасын арттыру. Сондай-ақ, жедел шешім қабылдауды талап ететін және халықтың сұранысын қанағаттандыруға бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламамен сабақтастық сақталады.
Мемлекет басшысы ғылыми-жара­тылыстану, инженерлік-технологиялық және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы мықты ғылыми орталықтар мен инсти­туттарды ашу жөніндегі кешенді жоспарды іске асыра бастаған жөн деп санайды. Президент сондай-ақ уәкілетті органға жыл сайын докторантураға қабыл­дана­тындардың санын 5 мыңға дейін жеткізуді тапсырды. Ғалымдардың мәртебесін дәйекті түрде көтеріп, оларды әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз ету шараларын күшейту үшін жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелер қызметкерлерінің ғылыми дәрежесі мен атағына қарай төле­нетін үстемеақыны 1,5 есе арттыру міндетін жүктеді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды дамытудың жаңа үлгісіне сәйкес, Ұлттық ғылым академиясының рөлі ерек­ше болатынын айтты. Жақында Ғылым академиясына Президент жанындағы ор­ган мәртебесі берілді. Оны қаржыландыру мәселесі шешілді. Академиктерге өмір бойы стипендия төленетін болды. Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымның жаңа үлгісі мемлекет пен бизнестің әріп­тестігіне негізделуге тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, осы тәсіл әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүм­кіндік береді. Бұл Әділетті Қазақстанды құру жолындағы стратегиялық бағдары­мызға толық сай келеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...