Конькимен мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир бастау алды

Конькимен мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир бастау алды
Бүгін шаһарымызда конькимен мәнерлеп сырғанаудан «Б» тобы бойынша «SHYMKENT SKATE» халықаралық турнирінің ашылу салтаны өтті, деп хабарлайды ақпарат агенттігі NO-COMMENT.KZ.
Халықаралық додада бағын сынауға Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Қарағанды , Қостанай , Қызылорда , Маңғыстау , Түркістан облыстарының, Украина мен Өзбекстан елдерінің жас мәнерлеп сырғанаушылары өнерлерін паш ететін болады.
«Мұз сарайының» айдынында сырғанайтын 300-ден аса спортшының 52-сі Шымкент қаласының намысын қорғайтын болады.
1-5 мамыр аралығында өтетін халықаралық турнир қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының, №8 қысқы спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі, «Шымкент қаласының конькимен мәнерлеп сырғанау, шорт трек пен шайбалы хоккей федерациясы» ҚБ-нің ұйымдастыруымен жүзеге асып отыр.
Биыл 5-ші рет өтіп жатқан жарыстың мақсаты елімізде конькимен мәнерлеп сырғанауды дамыту, әр топтан дарынды спортшыларды анықтау, салауатты өмір салтын насихаттау.
—Бүгінгі спорттық іс-шарамызды жас спортшыларымыз өнерлерін шыңдасын, болашақта көк байрақты халықаралық жарыстарда көтерсе деген ниетпен ұйымдастырып жатырмыз. Көршілес елдермен тәжірибе алмасу мақсатымен де өткізіп жатырмыз—деді №8 қысқы спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры Болат Мамбетов.
Сондай-ақ, халықаралық жарыстар елімізде мәнерлеп сырғанауды дамытуға ғана емес, сонымен қатар халықаралық спорттық байланыстарды нығайтуға да ықпал ететінін атап өтеміз. Турнир аясында әр елден келген жаттықтырушылар мен спортшылар арасында тәжірибе және техникалық дағдылармен алмасу жоспарлануда, бұл барлық қатысушылардың дайындық деңгейін арттыруға көмектеседі.
"SHYMKENT SKATE" жас таланттардың алаңына айналады, онда олар өздерінің шеберліктерін көрсетіп, әлемдік спорт қауымдастығында өздерін таныта алады. Мұндай іс-шаралар үнемі өткізіліп тұруы өте маңызды, өйткені олар балалар мен жастардың физикалық дамуына ықпал етіп қана қоймай, олардың рухани өсуіне және мінезінің қалыптасуына ықпал етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне...

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...