Түркістанда балалар алаңшасы мен спорт алаңы қатары артады

Түркістанда балалар алаңшасы мен спорт алаңы қатары артады
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінде атқарылған жұмыстардың есебін тыңдады, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ ақпарат агенттігі.
Бөлім басшысы Ержан Исмайлов қала басшысының 2023 жылы тұрғындармен кездесуі нәтижесінде бөлімге тапсырылған 424 мәселенің 418-і шешімін тапқанын, 6 тапсырма қазіргі таңда жұмыс барысында екенін баяндады.
Түркістан қаласында жаңадан қоныстанған тұрғын аумақтарға, нақты 1500 абонентке газ құбырын тарту бойынша ЖСҚ әзірленіп, сараптамаға ұсынылған. Вокзал аумағын абаттандыру өндірістік кестеге сәйкес атқарылуда.
Сапалы электрмен қамту бойынша өткен жылдан өтпелі 1 нысанда жұмыс соңына таяп келеді. Тәуке хан даңғылы, Қазыбек би, М.Абенов, Төле би, Н. Төреқұлов, Н. Тыныштықұлов көшелері бойында 10-0,4 кВ кабель желілерін салу 90 пайызға атқарылған. 3 нысан қаржыландыруға ұсынылды.
«Ыждыхат» тұрғын алабы кварталішілік сарқынды су жүйесі құрылысының 2-кезеңін, «Ортақ» тұрғын алабына кәріз желісін салу 1-кезеңін, «Шауғар» тұрғын алабын сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету 2-кезеңін "Taimas " ЖШС атқаруда. Мердігер мекеме жұмысқа 9 бригада, 18 техника жұмылдырған.
«Бірлік» тұрғын алабын сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысы «Нурай-Строй» ЖШС тарапынан 4 бригада, 12 техниканың күшімен жүзеге асуда. Түркістан-Қызылорда тас жолы бойындағы тұрғын алапты сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету құрылсын «Қызмет» ЖШС жүргізуде. 5 көшеде 7 бригада 17 техника қазба жұмыстарын бастады. "Бекзат" мөлтек ауданы кәріз жүйесі құрылысын жүргізуші мердігер "Құрылыс ТЭД» ЖШС жұмысты 7 бригада, 10 техникамен атқаруда.
№1,2 мөлтек аудандар және "Ремзауыт" аумағындағы ауыз су құбырларын қайта жаңғыртуға 3 бригада 4 техника тартылған. Жаңа су жүйесіне қосу жұмыстары Мұсабеков көшесінде басталды. Сонымен қатар, 56 шақырым ауыз су құбыры қысымдаудан өткізілуде.
Бөлім басшысы биылға жоспарланған балалар және спорт алаңшаларының құрылысына да тоқталды. Бүгінде 16 алаңшада жұмыс қарқынды, 1 алаңшаның құрылысы 10-мамырдан кешіктірілмей басталады.
Ұйымдастыру-инспекторлық бөлім мамандары қала аумағындағы құрылыс алаңдарын аралап, анықталған кемшіліктерді қала әкімінің назарына ұсынды.
Мәселелерді зерделеген Нұрбол Әбдісаттарұлы жауаптыларға мердігерлермен тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды, олқылықтарды жоюды тапсырып, мерзім белгіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістанда «Мұқағали жолымен…» жүруді мақсат еткен ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Мұқағали Кенжетайұлының шығармашылық кеші өтті, деп...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АӨК әлеуетін күшейту туралы тапсырмасына сәйкес машина-трактор паркін жедел жаңарту және жергілікті ауыл...