Отбасы мен некенің оң бейнесін қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау - ұлттық маңызы бар міндет

Отбасы мен некенің оң бейнесін қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау - ұлттық маңызы бар міндет
Еліміздегі отбасы институтын нығайту, қорғау, оның зияткерлік, рухани-адамгершілік дамуына жағдай жасау үшін заңнамалық және институционалдық мүмкіндіктерді кеңейту бойынша шаралар қабылдануда. Биыл әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заң қабылданды. ОКҚ алаңында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов атап өткендей, жаңа заңнамалық нормалар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялауға, ұрып-соғу үшін жазаны қатаңдатуға және балаларға қатысты қылмыстардың барлық нысаны үшін денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіруге бағытталған. Сондай-ақ заңда қылмыстың алдын алуға және әйелдердің, балалар мен отбасылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар көзделген, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
«Біз әлеуметтанулық сауалнамалар жүргізіп жатырмыз. 2024 жылдың тамызындағы жағдай бойынша сауалнамаға қатысқандардың 21%-ы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайы жақсарды деп санайды. 2023 жылы респонденттердің тек 19,5%-ы дәл осы сұраққа жауап берді. Яғни, осы мәселе бойынша қоғамдық пікірдің оң динамикасы туралы айтуға болады. Отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың анықталуы артты. Бұдан бөлек, Мәдениет және ақпарат министрлігі ІІМ-мен бірлесіп, өткен жылдан бастап отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және агрессорлармен жұмыс жөніндегі жобаны іске асыруда. Жобаның негізгі міндеті - отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыс деңгейін төмендету және отбасылардағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту», - деді спикер.  

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...