Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 40,7 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 40,7 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 259 кәсіпорны 16 мың жұмыскерге 3,6 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 6,9 мыңға жуық еңбек құқығының бұзылуы анықталды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 222 ұйғарым берілді және 34,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 14,7 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2,8 млрд теңге төленді.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2024 жылғы 1 қыркүйектегі деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 4 319 тексеру жүргізді, оның барысында 6 890 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 5 095; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 730; халықты жұмыспен қамту бойынша – 65.

Жұмыс берушілерге 2 597 ұйғарым беріліп, 330,1 млн теңге сомасына 3 030 әкімшілік айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 26 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...