Премьер-Министр Олжас Бектенов TSC Global / GK Hyperscale компаниясы басшылары Майкл Дикерсон және Дэниел Дикерсонмен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде Үкімет инвестиция көлемін ұлғайту, озық технологиялар трансферті, өндірістерді локализациялауға және шетелдік инвесторлардың қатысуымен терең өңдеу кластерлерін құруға бағытталған.
Кездесу барысында цифрлық инфрақұрылымды дамыту және озық технологиялар трансферті саласындағы инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Компанияның есептеу қуатының өсуін қамтамасыз ету және IT қызметтер экспортын арттыру тәсілдері қаралды.
TSC Global / GK Hyperscale бас атқарушы директоры Майкл Дикерсон жоғары білікті мамандарға арналған 300-ден астам жұмыс орнын ашуды көздейтін жобаға қызығушылық танытты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар нәтижелі ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.
Анықтама: TSC Global / GK Hyperscale – елдер үшін қауіпсіз цифрлы инфрақұрылым құруға маманданған халықаралық компания. GK Аустралияда және басқа да бірқатар елде заманауи деректер орталықтарын (ДО) және инфрақұрылымдық жобаларды салумен әрі пайдаланумен айналысады.