Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кезекті кездесуінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны туралы баяндады, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.
Аудан қалада инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр. Биылғы жылдың 7 айында 150 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды.
Жыл басынан бері шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 8%-ға өсіп, 64 717-ге жетті. Бұл 5 мыңнан астам тұрғынды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етті. Салық түсімі 34%-ға өсіп, 320 млрд теңгеге жетті.
Әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге аудан бюджеті маусым айында 32%-ға ұлғайып, 29,1 млрд теңге болды. Қаражат инженерлік желілерді жаңғыртуға, көлік жүйесін дамытуға және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға бағытталған.