Мерейлі отбасы облыстық байқауының І орын иегері Меңлібаевтар отбасы референдумға келіп, өз таңдауларын жасады. Олар Сарыағаш ауданындағы №682 дауыс беру учаскесіне барып таңдауларын жасады. Отағасы Есіркеп Меңлібаев 74 жаста. Ал жұбайы Орынкүл Меңлібаева зейнеткер, «Алтын алқа» иегері. Үлгілі отбасы 3 ұл, 4 қыз, 22 немере, 11 шөбере тәрбиелеп отыр, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетсек, Түркістан облысында 1 млн 180 мыңнан астам адам дауыс беруге құқылы. Өңірде 17 аудан-қала бойынша 945 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр.