«Vietjet Air» Фукуок – Астана бағыты бойынша рейстерді ашады

«Vietjet Air» Фукуок – Астана бағыты бойынша рейстерді ашады

Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Мәселен, «Vietjet Air» вьетнамдық әуекомпаниясы 2024-2025 жж. күзгі-қысқы навигациясынан бастап А-330 типті әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі және сенбі) Фукуок – Астана бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстандық авторлар мен композиторлар өз туындылары үшін өтемақы алу проблемаларын жиі айтады. Мүліктік құқықтарды басқарушы ұйым өз жұмысын...