ЕХӘҚМ мүгедектердің білім алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасамақ

ЕХӘҚМ мүгедектердің білім алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасамақ

Мүгедектігі бар адамдар халықтың экономикалық жағынан ең осал топтарының бірі. Мемлекет тарапынан жұмыспен қамту шаралары қабылданғанына қарамастан, елдегі мүгедектігі бар адамдардың жұмыспен қамту деңгейі 28%-ды құрайды. Ал, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде бұл көрсеткіш 60-70%-дан төмен емес. Көптеген кәсіпорын мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын сақтамайды және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, еңбекке жарамдылықты қалпына келтіруді, жұмысқа орналасуды немесе жаңа кәсіпке оқытуды қамтитын кәсіби еңбек оңалтуы баяу дамуда. Жұмысқа орналасудағы кедергілерге бейімделген жұмыс орындарының болмауы, тиісті білім мен тәжірибенің жеткіліксіздігі, төмен жалақы кіреді. 

«Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру шараларын әзірлеу аясында олардың еңбек құқықтарын реттеу, сақтау және қорғау бойынша нормативтік-құқықтық база қайта қаралатын болады. Бизнеске әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жұмыс берушілерге квотаны орындамаған жағдайда бюджетке өтемақы төлемдерін енгізу механизмі қарастырылуда», – деді спикер. 

Мүгедектігі бар адамдар сапалы білім алуға қол жеткізуде қиындықтарға тап болып отыр. Бұл олардың жұмысқа орналасу және әлеуметтену мүмкіндіктерін шектейді. Мұғалімдердің ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге әдістемелік дайындығының жеткіліксіздігі, арнайы жағдайлар мен бейімделген оқу бағдарламаларының жоқтығы, сондай-ақ үздіксіз психологиялық-педагогикалық қолдаудың жетіспеушілігі байқалады.  

«Тұжырымдама жобасы аясында арнайы білім беру жүйесін жетілдіру, білім берудің барлық деңгейлерінде инклюзияны қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар қарастырылған. Білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету шаралары шеңберінде арнайы білім беру ұйымдарында шектеулі мүмкіндіктері бар балаларға арналған ерте психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерін құру жоспарлануда», – деді ведомство өкілі.  

Тұжырымдама жобасындағы негізгі блок кедергісіз орта құруға арналған. 

Мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта құру объектілер мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігінің ұлттық стандарттарын өзектендіру және біріздендіру, оларды тіршілік әрекетінің барлық салаларына енгізу үшін тиімді шаралар мен уәждеу жағдайларын жасау жөнінде жаңа шаралар қабылдауды талап етеді. 

«Инфрақұрылым объектілері мен көрсетілетін қызметтердің халық үшін қолжетімділігін регламенттейтін ұлттық стандарттарды енгізу орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, халыққа қызмет көрсететін ұйымдардың кедергісіз орта құру жөніндегі жұмыстарды өзектендірудің негізі болып табылады. Мемлекеттік және қоғамдық бақылау артады, оның шеңберінде барлық меншік нысанындағы объектілерді мүгедектігі бар адамдар үшін олар көрсететін қызметтердің қолжетімділігі тұрғысынан тексеру міндетті және тұрақты болады», – деді А.Ертаев. 

Еңбек министрлігі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп жергілікті атқарушы органдарға жобалау құжаттамасының инклюзивтілігін, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, халықтың аз қозғалатын топтары үшін объектілердің қолжетімділігі тұрғысынан қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі құзыретті бекіту көзделеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...