Ғұсман Қырғызбаев. Олимпиада медаліне кімдермен таласады

Ғұсман Қырғызбаев. Олимпиада медаліне кімдермен таласады

Ғұсман Қырғызбаев дзюдодан іріктеу кезеңін сәтті өткізді. Ол 2024 жылғы Олимпиада ойындарында 66 келіде ел намысын қорғайды. Әрине, спортшы жүлдеден үмітсіз емес. Алайда, тұғыр биігіне көтерілу үшін оған татамиде барын салу қажет, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Биылғы маусымда Қырғызбаев ала-құла күресіп жүр. Соңғы рет Ғұсман былтырғы маусымда ғана көзге түсті. Ол елімізде өткен Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанған. 2024 жылғы Азия біріншілігінде де отандық дзюдошы жүлдеге іліге алмай, бесінші орынды қанағат тұтты. 

Сондықтан, бұл салмақтың мықтыларымен белдесуге болжам жасау қиын. 2021 жылғы әлем чемпионатының финалисті алдағы Олимпиадада фавориттер қатарына енбейді. Десе де, қарсыластарға қарымды қарсылас атануы мүмкін. Бірақ бұл салмақтың көшбасшылары да оңай шағылатын жаңғақ емес. 

66 келінің алтынына басты үміткер – жапондық Абэ Хифуми. Әлемнің төрт дүркін чемпионына қарсы тұру ешкімге де оңайға соқпайды. Токио ойындарының чемпионы. Енді сол атағын Франция астанасында қорғауға тырысады. 

Париж Олимпиадасына 2020 ОИ күміс жүлдегері, грузиялық Важа Маргвелашвили да қатысады. Соңғы Олимпиаданың финалында ол жапондық балуанға есе жіберген еді. Биыл Важа әлем чемпионатында үздік үштікке еніп, қола медаль санын екіге көбейтті. Қырғызбаев пен Маргвелашвили 2023 жылғы Әбу-Дабидегі турнирдің ширек финалында кездесіп, грузин балуаны жеңіске жеткен. 

Бұл маусымда тәжікстандық Нұралы Эмамали жақсы көзге түсуде. 2024 жылғы әлем чемпионатында ол үшінші орынға күресіп, жеңіліс тапты. Алайда, жарыс барысында кіл мықты спортшыларды тоқтатты. Оның еншісінде  Grand Slam турнирінің бірнеше жеңісі бар. 

Оңтүстік Корея өкілі Ан Баул өзінің үшінші жүлдесі үшін Парижге аттанады. Баул Рио Олимпиадасында күміс, Токиода қола медаль иеленген. Азия чемпионы әрі екі дүркін қола жүлдегері. Тәжірибелі спортшы Францияда медальға таласары анық. 

Молдовалық Денис Виеруден келер қауіп те көп. Ол олимпиадалық рейтингті бірінші орынмен аяқтады. Виерудің мансабындағы ең үлкен жетістіктері – әлем чемпионатының екі қоласын. Түрлі турнирлерде ол біздің Қырғызбаевтан басым түскен. 

Сондай-ақ, 2020 ОИ қола жүлдегері Барух Шмаилов (Израиль), ӘЧ екі дүркін қола жүлдегері Ендонперенлейн Басху (Моңғолия), Сардор Нуриллаев (Өзбекстан) жүлдеге таоаса алады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа май экстракциялық зауытының құрылысы аяқталды. Зауытта жылына 370 мың тонна майлы дақылдар өңделеді, деп...

Премьер-министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар, сыртқы істер, денсаулық сақтау,...

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар ұсынған өнімдер...