Руслан Курбанов: Жапония құрамасын жеңу стратегиялық тұрғыдан маңызды

Руслан Курбанов: Жапония құрамасын жеңу стратегиялық тұрғыдан маңызды

Кувейтте өтіп жатқан Азия чемпионатында шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы чемпион атанды. Финалда біздің спортшылар Олимпиада чемпионы - Жапония құрамасын жеңді, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Команданың тәжірибелі мүшесі Руслан Курбановтың айтуынша, Олимпиада қарсаңында жапондықтарды жеңу біздің құрама үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды. 

«Финалда Жапонияны жеңіп, Олимпиада алдындағы әлемдік рейтингті нығайту әрі біздің құраманың ауыр кезеңдердегі психологиялық дайындығын тексеру біз үшін маңызды болды. Барлығы да бұл тексеруден сәтті өтті», - дейді Руслан Курбанов.

Айта кетелік, Қазақстан намысын Руслан Курбанов, Эльмир Алимжанов, Вадим Шарлаимов пен Ерлік Сертай қорғады. Аталған төрттік Париж Олимпиадасында өнер көрсетеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Арнайы операциялар күштерінің өкілдері Ақтауда жастар арасында өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды ...

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен білім беру саласының қызметкерлері жасанды интеллектіні қолдану бойынша оқытудан өтті. Оқыту...

Денсаулық сақтау министрлігінде кеңес өтті, оның барысында Ұлытау облысының Денсаулық сақтау жүйесін дамытудың кешенді жоспары бекітілді, деп...