Әйтенов Шымкенттің үш жылдағы даму көрсеткіштерін айтты

Әйтенов Шымкенттің үш жылдағы даму көрсеткіштерін айтты

«Үш жыл бұрын Елбасының Жарлығымен Шымкентке республикалық қала мәртебесі берілді. Бұл тарихи шешім Шымкенттің тынысын ашты»,- деген Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов үш жылдың даму көрсеткіштерін баяндады деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жалпы үш жылдық инвестиция 1,2 трлн.теңгеден асты. Осы аралықта қала бюджеті 131,2 млрд.теңгеден биыл 481,6 млрд.теңгеге жетеді деп күтілуде, яғни өсім 3,7 есе болмақ. Инвестиция көлемі соңғы үш жылда 1,9 есеге өсіп, 214 млрд теңгеден биыл 400 млрд теңгеге жетеді деп жоспарлануда. Өнеркәсіп өнім көлемі 425 млрд.теңге болса, жыл соңында 710 млрд.теңге болады деп күтілуде.

3 жыл бұрын 402,5 мың шаршы метр тұрғын үй берілсе, биыл бір миллионға жеткізу жоспарланып отыр.

Соңғы үш жылда, биылды қосып есептесек, 853,5 шақырым жол төселеді. Бұрын мұнша көлемдегі жол 10 жылда салынған.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2027 жылы 7-8 маусымда Алматыда GITEX AI Kazakhstan көрмесі екінші рет өтеді.Технология мен жасанды интеллект саласындағы өңірдегі ең ірі іс-шара...

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Швейцарияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Кристина Хонеггермен кездесті....

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі...

Анталья қаласында (Түркия) өтіп жатқан COP31 климаттық конференциясы аясында Қазақстанның ұлттық павильонында «Табиғат бейімделу инфрақұрылымы...