Су дипломатиясын дамыту және су ресурстарын басқарудың инновациялық технологияларын енгізу: Қазақстан мен Швейцария су саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Су дипломатиясын дамыту және су ресурстарын басқарудың инновациялық технологияларын енгізу: Қазақстан мен Швейцария су саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Швейцарияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Кристина Хонеггермен кездесті. Кездесуде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың ықтимал бағыттары, сондай-ақ Швейцария тарапының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Blue Peace Central Asia» (BPCA) өңірлік бағдарламасының барысы қаралды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Швейцарияның Даму және ынтымақтастық агенттігі (SDC) бастамашы болған жоба үш стратегиялық бағытты қамтиды. Олар - су дипломатиясы, бассейндік жоспарлау, сондай-ақ ғылыми және кадрлық әлеуетті арттыру. Нұржан Нұржігітов Орталық Азия елдері арасында су ресурстарын басқару мәселелері бойынша сенімді нығайтуға, диалог пен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған BPCA бағдарламасының маңызын атап өтті.

Тараптар сондай-ақ қазақстандық бейінді ұйымдар мен мамандардың су ресурстарын басқарудың инновациялық технологияларын енгізу, жерүсті суына мониторинг жүргізу және оларды есепке алу жүйелерін дамыту, су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру, сондай-ақ су шаруашылығы саласы мамандарының әлеуетін нығайту жөніндегі бірлескен жобаларға қатысу мүмкіндігін талқылады.

«Швейцариямен әріптестікті жалғастыру өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға және су ресурстарын тұрақты басқару саласындағы практикалық шешімдерді ілгерілетуге ықпал ететініне сенімдіміз. Қазақстан тек қолданыстағы өңірлік бағдарламалар аясында ғана емес, сонымен қатар жаңа бірлескен бастамаларды іске асыру арқылы да өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделі. Атап айтқанда, су шаруашылығын цифрландыру және гидротехникалық құрылыстарды пайдалану тиімділігін арттыру бағыттарындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалы деп санаймыз», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2027 жылы 7-8 маусымда Алматыда GITEX AI Kazakhstan көрмесі екінші рет өтеді.Технология мен жасанды интеллект саласындағы өңірдегі ең ірі іс-шара...

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Швейцарияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Кристина Хонеггермен кездесті....

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі...

Анталья қаласында (Түркия) өтіп жатқан COP31 климаттық конференциясы аясында Қазақстанның ұлттық павильонында «Табиғат бейімделу инфрақұрылымы...