Үкіметте Мемлекет басшысының туризм мен спортты дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды

Үкіметте Мемлекет басшысының туризм мен спортты дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында берген туризм мен спортты дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Кеңеске туризм және спорт министрі, ұлттық экономика, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрлері, облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Мемлекет басшысы жариялаған «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде жаңа спорт нысандарын салу мәселелері талқыланды, оның ішінде Инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын нысандар да бар.

Нұрлыбек Нәлібаев өңірлердің нақты қажеттіліктерін ескере отырып, сапа мен мерзімдерді сақтау қажеттілігіне баса назар аударды. Сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманың сапасына және мемлекеттік сараптаманың уақтылы жүргізілуіне ден қою тапсырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2027 жылы 7-8 маусымда Алматыда GITEX AI Kazakhstan көрмесі екінші рет өтеді.Технология мен жасанды интеллект саласындағы өңірдегі ең ірі іс-шара...

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Швейцарияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Кристина Хонеггермен кездесті....

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі...

Анталья қаласында (Түркия) өтіп жатқан COP31 климаттық конференциясы аясында Қазақстанның ұлттық павильонында «Табиғат бейімделу инфрақұрылымы...