Шымкент: 5 айда 96,9 миллиард теңге

Шымкент: 5 айда 96,9 миллиард теңге

Шымкентте бұл жылы инвестиция бағыты қарқын алған. Әр аптада инвестициялық штаб отырысы өтіп, онда инвест жобалар талқыланады екен. Бұл туралы Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов Президент жанындағы орталық коммуникациялық қызмет алаңында өткен баспасөз брифингінде баяндады деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Осы жылдың 5 айында қала экономикасына 96,9 млрд.теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,7 пайызға артты. Инвесторларға оңтайлы жағдай жасау бюрократияны жоюдан басталады. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Әр жұма сайын өтетін штаб отырысында жаңа жобалар, инвесторлармен кездесетін мәселелер талқыланып, тікелей жұмыстар жасалуда» - дейді Мұрат Әйтенов.

Сонымен бірге, Президенттің инвесторлар пулын жасақтау тапсырмасы бойынша, құны 2,5 трлн.теңгені құрайтын 261 инвестициялық жобаның базасы әзірленді. Оның ішінде, биылғы жылы 171,6 млрд.теңгеге 2 500 жаңа жұмыс орнымен 68 жобаның іске асырылуы жоспарланды деп мәлімдейді.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2027 жылы 7-8 маусымда Алматыда GITEX AI Kazakhstan көрмесі екінші рет өтеді.Технология мен жасанды интеллект саласындағы өңірдегі ең ірі іс-шара...

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Швейцарияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Кристина Хонеггермен кездесті....

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі...

Анталья қаласында (Түркия) өтіп жатқан COP31 климаттық конференциясы аясында Қазақстанның ұлттық павильонында «Табиғат бейімделу инфрақұрылымы...