Шымкентте 4 ірі жолайрық салынады

Шымкентте 4 ірі жолайрық салынады

Шымкентте қазіргі уақытта 295,3 шақырым жолда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 92,2 шақырым магистралды, 203,1 шақырым ішкі орамдық көшелер. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көлік кептелістерін болдырмау мақсатында 4 ірі жолайрықтың құрылысы жоспарланып, бұл жылы 2-уінің құрылысы басталды. 1 жолайрық жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі жыл соңына дейін 63,6 пайызға жетеді.

Қоғамдық көліктердің 80 пайызы жаңаланады. Былтыр 590 жаңа автобус сатып алынып, оның 300-і жолға шықты, жыл соңына дейін 290 жаңа автобус қосылады. Бұл автобустар газбен жүреді, кондиционері бар, мүгедектерге қолайлы.

Ал, қойма және көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында қалада 92 гектар жерге сауда-логистикалық аймағы құрылды. Одан бөлек, тағы да 3 логистикалық жобаның құрылысы жүргізілуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы...

Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ауыл экономикасын дамытуға және ауыл тұрғындарының...

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында бизнес қауымдастығының өкілдерімен, салалық...

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі...