Шымкент: Мектептегі қауіпсіздік басты назарда

Шымкент: Мектептегі қауіпсіздік басты назарда

Шымкентте биыл білім ұйымдарының материалдық-техникалық базасына көп көңіл бөлініп отыр. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов баспасөз брифингінде баяндады деп жазды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мектептерді жабдықтауға 7 млрд теңгеге жуық қаржы қаралды. Қала мектептеріндегі оқу кабинеттерінің небәрі 32 пайызы жабдықталған. Сол себепті мектептер физика, химия, биология, робототехника, СТЕМ-ге арналған 278 арнайы пәндік кабинетпен жабдықталады. Жабдықталу 32 пайыздан 60 пайызға өседі.

Балалардың қауіпсіз ортада білім алу үшін, іште әжетханасы жоқ 36 мектепке қосымша әжетхана салынып, бұл мәселе толығымен шешімін табады. Сонымен бірге, соңғы талаптарға сәйкестендірілген бейнебақылау мен адамның түр-тұлғасын анықтайтын кіргізіп-шығару жүйесі жаңа оқу жылына дейін 100 пайызға орнатылатын болады.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы...

Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ауыл экономикасын дамытуға және ауыл тұрғындарының...

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында бизнес қауымдастығының өкілдерімен, салалық...

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі...