Шымкентте «Халық қатысатын бюджет» жобасы жұмыс істеуде

Шымкентте «Халық қатысатын бюджет» жобасы жұмыс істеуде

Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, өткен жылғы 26 маусымда «109» желісі арқылы «iKomek» байланыс орталығы ашылған. Тәулігіне 24 сағат демалыссыз қызмет ететін Орталық азаматтардың өтініші бойынша әлеуметтік мәселелерді шұғыл шешумен айналысады. Бір жылда 150 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Оның 98 пайызы бүгінгі күнге шешілген. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Одан бөлек, қала әкімі бастаған басшылық құрам апта сайын әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдары арқылы тікелей эфирге шығып, халық сұрағына жауап беріп отырады.

Биылдан бастап қаладағы 4 ауданға «Халық қатысатын бюджет» жобасы енгізілді. Қаланың кез келген тұрғыны «электрондық үкіметтің» веб-порталына кіріп, өз ұсыныстарын қалдырып, кері жауап алу мүмкіндігі бар.

Жалпы алғанда, 2021 жылғы қалалық бюджет өткен жылға қарағанда 4 пайызға ұлғайып, 481,6 млрд. теңгені құрап отыр. Оның 45 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы...

Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ауыл экономикасын дамытуға және ауыл тұрғындарының...

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында бизнес қауымдастығының өкілдерімен, салалық...

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі...