Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Еліміздің барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!

Жұртқа жақсылық пен үміт сыйлайтын осы жарқын мейрамда діндар жандар адами құндылықтарға қызмет ету жолында өзара бірігеді.    

Рождествода азаматтар ерекше қуанышқа бөленеді, православ дінін ұстанатын адамдар жақындарына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж адамдарға жанашырлық танытуға асығады.

Православ діні елдің берекелі бірлігі мен ырысты ынтымағын нығайта түсуге, жалпыұлттық бірегейлігіміздің өзегі саналатын отаншылдық, жасампаздық және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дәріптеуге мол үлес қосып келеді.

Қоғамдағы татулық пен түсіністік Қазақстанның тұрақты дамуының мызғымас тірегі болып қала беретініне кәміл сенемін.  

Еліміздің православ христиандарына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Рождество мерекесі құтты болсын!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Көптеген кәсіп түрінде сатылым жыл бойы біркелкі болмайды. Белгілі бір тауарлар мен қызметтерге сұраныс мереке, оқу жылының басталуы, ауа райының...

Нарықтағы сұраныс үнемі бір деңгейде сақталмайды. Тұтынушылардың талғамы, маусымдық қажеттілік және жаңа өнімдерге қызығушылық өзгеріп отырады....

Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы хирургтарының халықаралық қатысумен өтетін «Заманауи хирургияның өзекті мәселелері» атты республикалық...