Әзербайжанда «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» көрмесі ашылды

Әзербайжанда «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» көрмесі ашылды

Әзербайжанның Ұлттық тарих музейінде Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінің қорындағы жәдігерлерден жасақталған «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» атты халықаралық көрме ашылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінің, Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігінің, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының, Әзербайжанның Ұлттық тарих музейі мен Мәдениет министрлігінің өкілдері, жазушылар мен мәдениет қайраткерлері қатысты.

Бес тақырыптық бөлімнен тұратын көрмеге 69 этнографиялық жәдігер қойылған. Олардың қатарында күнделікті тұрмыс пен шаруашылыққа арналған бұйымдар, ат әбзелдері, зергерлік бұйымдар, киіз басу және тоқымашылық өнерінің үлгілері, дәстүрлі киімдер мен ұлттық әшекейлер бар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ТМД Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің XXXVIII отырысы Шымкент қаласында аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Төтенше...

Түркістан қаласында кәсіпкерліктің тұрақты дамуы үшін қаржылық ресурстар мен өндірістік инфрақұрылымнан бөлек, білікті мамандардың болуы маңызды....