Олжас Бектенов: Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер аясында Үкіметтің экономикалық блогы сарапшылар тобымен бірлесіп, бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер әзірлеуде

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер аясында Үкіметтің экономикалық блогы сарапшылар тобымен бірлесіп, бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер әзірлеуде

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер аясында жақын арада бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер ұсынылатынын атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

«Президент “Ана тілі” газетіне берген сұхбатында Үкіметтің міндеті экономиканың өсімін қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту екенін атап өтті. Біз қарқынды экономикалық өсімді қамтамасыз етуіміз қажет.  Осыған орай, Премьер-министрдің орынбасары Серік Мақашұлының жетекшілігімен Үкіметтің экономикалық блогы сарапшылар тобымен бірлесіп, бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер әзірлеуде. Оның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру саласына қатысты мәселелер де бар. Аталған тәсілдер сарапшылар қауымдастығымен жан-жақты талқылаудан кейін ұсынылады», —  деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы хирургтарының халықаралық қатысумен өтетін «Заманауи хирургияның өзекті мәселелері» атты республикалық...

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық...