Министр: биология, информатика, ағылшын, қазақ тілі мұғалімдері әлсіз

Министр: биология, информатика, ағылшын, қазақ тілі мұғалімдері әлсіз

Біліктілікті арттыру курстарының бағдарламалары өзгереді.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ведомствоның алқа мәжілісінде қай пәндердің мұғалімдері әлсіз екенін айтты, деп хабарлайды No-comment.kz - Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
– Педагогтердің білімін бағалау нәтижелеріне сүйенсек, жоғары оқу орындарының түлектерін даярлау деңгейі өңірлер арасында да, өздерінің ішінде де айтарлықтай өзгеріп отырады. 7 653 түлектің 45%-ы ғана 50%-дық шекті деңгейден өте алды. "Мақсатты мектептер" жобасы аясында биология, информатика, ағылшын және қазақ тілдері бойынша жұмыс істеп жүрген педагогтердің әлсіз жақтары анықталды. Бұл пәндік білімдегі елеулі олқылықтарды көрсетеді және педагогикалық мамандықтар бойынша даярлауды жүргізетін жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын дереу қайта қарауды талап етеді, – деді Ғани Бейсембаев.
Сондай-ақ, ол біліктілікті арттыру курстарына реформа жасауды тапсырды.
– "Өрлеуге" педагогикалық жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, біліктілікті арттыру курстарының бағдарламаларын түбегейлі қайта қарауды тапсырамын. Олар педагогтің жеке сұраныстарына бейімделіп, икемді болуы тиіс. Тағы бір айрықша назар аударатын мәселе – педагогикалық этика. Педагогтердің білімін бағалаудан өту кезінде аттестаттау қағидаларын бұзған 346 педагогтің нәтижелері жойылды, – деді Ғани Бейсембаев.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...